Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 08.04.2024 № 3ш (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы", бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдыналу және жою жөніндегі Ақтоғай ауданы комиссиясының кезектен тыс отырысының 2024 жылғы 30 наурыздағы № 4, хаттамасы негізінде, Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Ақтоғай ауданының әкімінің орынбасары Е.К. Машриков тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қ. Арынов |