Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылдың 2 сәурдегі № 2р "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 3ш шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы, 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2024 жылдың 6 сәуірдегі № 5 хаттамасы негізінде, Ақтоғай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің "Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылдың 2 сәурдегі № 2р (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 195141 болып тіркелген) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады