Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің 02.10.2024 № 9/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына, Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 06 тамыздағы кезектен тыс отырысының №10 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін улы өрмекші қарақұрттың болуы мен таралуына байланысты Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Еркин Темирболатович Арыстанбеков тағайындалсын және уәкілетті органдармен табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Баянауыл ауданының экономика және қаржы бөлімі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін қаржы қарастырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | А.Ксентаев |