Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы "Железин ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" № 270/9 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде актінің нөмірі № 172760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 11 қосымшасының күші жойылды деп танылсын.
2. "Майлы" ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;
осы қаулы Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Шайхимов |