Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 270/9 "Железин ауданы мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 166/7 қаулысы

      Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 қазандағы "Железин ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" № 270/9 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде актінің нөмірі № 172760 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 11 қосымшасының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Майлы" ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілсін;

      осы қаулы Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады