Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы | А. Әмрин |
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "___" _________ № ______ қаулысына қосымша |
2024 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік
білім беру тапсырысы
Мамандар | Балалар саны |
Жеке сабақтар |
Кіші топтық сабақтар |
Топтық сабақтар |
Психолог | 450 | 7393 | 2617 | 1252 |
Логопед | 650 | 7799 | 2752 | 1310 |
Дефектолог | 650 | 7936 | 2798 | 1330 |
Тифлопедагог | 10 | 7910 | 2789 | 1326 |
Олигофренопедагог | 10 | 8100 | 2853 | 1353 |
Сурдопедагог | 10 | 7773 | 2744 | 1307 |
ЕДШ нұсқаушысы | 120 | 7393 | 2666 | 1316 |