Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 1/120 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-5) тармақшасына және 62 бабының 6-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы А. Әмрин

  Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "___" _________
______ қаулысына қосымша

2024 жылға арналған Алматы қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларды
арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға белгіленген мемлекеттік
білім беру тапсырысы

Мамандар

Балалар саны

Жеке сабақтар
(1 сағат, теңге)

Кіші топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)

Топтық сабақтар
(1 сағат, теңге)

Психолог

450

7393

2617

1252

Логопед

650

7799

2752

1310

Дефектолог

650

7936

2798

1330

Тифлопедагог

10

7910

2789

1326

Олигофренопедагог

10

8100

2853

1353

Сурдопедагог

10

7773

2744

1307

ЕДШ нұсқаушысы

120

7393

2666

1316


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады