Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "22" шілдедегі № 3/410 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/437 қаулысы.
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы" 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/438 қаулысы.
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/439 қаулысы.
4. Алматы қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысiшiлік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарда жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) шекті деңгейін белгілеу туралы" 2023 жылғы 21 қарашадағы № 4/611 қаулысы.