Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.07.2024 № 3/410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19 бабының 4 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде белгілесін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |