Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 3/438 қаулысы. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 3/410 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 22.07.2024 № 3/410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 19 бабының 2-1 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты келесі мөлшерде саралансын:

      жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе көлік картасы немесе мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге;

      жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады