Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 71 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электронды түрде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Ғ. Нұрмұхамбетов |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 30 сәүірдегі | |
№ 106 қаулысына | |
қосымша | |
Солтүстік Қазақстан | |
облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 29 наурыздағы | |
№ 71 қаулысына | |
қосымша |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының негізінде әзірленді және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1-бабы 1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер.
2-тарау. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шарттары
3. Ынталандыру үстемеақысы персоналды ынталандыру мақсатында белгіленетін төлем болып табылады.
4. Бюджеттік ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған материалдық көмектің және ынталандыру төлемінің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлем болып табылады.
5 Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың төлем жасалған түрлерін (сыйлықақы, қосымша ақы, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақы, үстеме жұмыс үшін ақы және басқалар) тоқтатуға негіз болып табылмайды.
6. Жұмыскерлердің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысын төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
7. Ынталандыру үстемеақысы еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
8. Ынталандыру үстемеақысы:
жұмыскер сынақ мерзімінде болған кезеңде;
алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
лауазымның тиісті санатының функцияларын уақытша атқарған жағдайда;
жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
оқу демалысы кезеңінде;
жүктілікке және бала (балалар) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде төленбейді.
9. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті бюджеттік ұйым жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ынталандыру үстемеақысы төлемін қаржыландыру көзі болып табылады.
10. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарына 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі бойынша белгіленеді.
3-тарау. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
11. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі ынталандыру үстемеақысының белгіленген мөлшері негізінде қосымша бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді жолдайды.
12. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ынталандыру үстемеақысы бойынша қосымша қажеттілікті облыстық бюджет комиссиясына қарауға шығарады.
13. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына қосылатын ынталандыру үстемеақысына бюджет қаражаты бөлінген кезде ұйым басшысы құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынымы (бұдан әрі – Ұсыным) негізінде жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақысын төлеу туралы бұйрық шығарады.
Ұйымның басшысы Ұсынымды қарау нәтижесінде ол тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келіседі не лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемеақысын белгілеуден бас тарту себептерін негіздей отырып, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде бас тартады. Жұмыскер шешім шығарылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бас тарту туралы хабардар етіледі.
14. 8-тармақта көрсетілген шарттар жұмыскерлерге ынталандыру үстемеақысын төлеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
15. Ұсынымда жұмыскердің тегі мен лауазымы, ынталандыру үстемеақысының негізі мен мөлшері және тәртіптік жазаның жоқ екені туралы мәліметтер көрсетіледі.
Облыстық бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
жұмыскерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандыру | |
үстемеақыларын белгілеу тәртібі | |
мен шарттарына | |
1-қосымша |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты мекемелердің ("Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесін; "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты мекемелерін қоспағанда) D блогына (қосалқы персонал) жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 |
патрульдік машина жүргізушісі | 100% |
тракторшы | 100% |
өрт сөндіру машинасының жүргізушісі | 100% |
жүргізуші | 100% |
хатшы-машинист (референт) | 50% |
бағбан | 50% |
ыдыс жуушы | 50% |
су сорғы станциясының машинисі (моторисі) | 50% |
жеміс-көкөністер мен картопты тазалаушы | 50% |
нан кесуші, ас үй жұмысшысы | 50% |
вахташы | 50% |
қоқыс орынан қатқыл қалдық шайындыларын шығаратын арбакеш | 50% |
ағымдағы жөндеу бойынша жұмысшы | 50% |
санитар (тазалаушы) | 50% |
киім және кір жуу машинисі | 50% |
шаруашылық бикесі | 50% |
палаталық санитар | 50% |
бақылау санитары | 50% |
күтім жөніндегі санитар (паллиативтік көмек палаталарында) | 50% |
дезинфекциялаушы | 50% |
ғимараттар мен үймереттерді ағымдағы жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы (ағаш ұстасы, ағаш шебері) | 50% |
шаштараз | 50% |
санитарлық тазалаушы | 50% |
буфетші | 50% |
киім-кешек пен іш киімді жөндеу бойынша тігінші | 50% |
ванна санитары | 50% |
бас аспаз | 50% |
газ тәрізді, сұйық және қатты отынмен, электр қыздырумен жұмыс істейтін қазандарға қызмет көрсететін жұмысшы | 50% |
музей күзетшісі | 50% |
бақылаушы | 50% |
оператор | 50% |
күзетші | 50% |
хатшы | 50% |
реквизитор | 50% |
суфлер | 50% |
технолог-тігінші | 50% |
арнайы киімді жуу машинисі | 50% |
билет кассирі | 50% |
ғимараттарға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысшы | 50% |
өрт сөндіруші | 50% |
кезекші өрт сөндіруші | 50% |
монтаждаушы | 50% |
ағаш ұстасы | 50% |
сахна машинисі | 50% |
іс жүргізуші | 50% |
кассир | 50% |
жабдық технигі | 50% |
әкімші | 50% |
кір жуғыш машина операторы | 50% |
компьютерлік техника операторы | 50% |
тәрбиешінің көмекшісі | 50% |
бақылаушы-тіркеуші | 50% |
жылқышы | 50% |
ғимараттарға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы | 50% |
тігінші | 50% |
кастелянша | 50% |
жүк тасушы | 50% |
ағаш шебері | 50% |
темір ұстасы | 50% |
электрмен және газбен дәнекерлеуші | 50% |
жылқы өсіруші | 50% |
жұмысшы | 50% |
темірші | 50% |
ғимараттарға кешенді қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысшы | 50% |
тоңазытқыш жабдығының операторы | 50% |
веломеханик | 50% |
аспаз | 50% |
мұз құю машинасының операторы | 50% |
диспетчер | 50% |
күзетші | 50% |
қазандық машинисі | 50% |
от жағушы | 50% |
механик | 50% |
дыбыстық не тарату жабдығына не дизельді техникаға қызмет көрсететін механик | 50% |
электромонтер | 50% |
тазалаушы | 50% |
қаңғыбас жануарларды аулау жөніндегі жұмысшы | 50% |
пеш операторы | 50% |
архивариус | 50% |
қоймашы | 50% |
қосалқы жұмысшы | 50% |
электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері | 50% |
комендант | 50% |
дыбыс аппаратының механигі | 50% |
аға диспетчер, диспетчер | 50% |
қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 50% |
өндірістік және қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 50% |
күзетші (вахташы) | 50% |
жуушы | 50% |
киім ілуші | 50% |
көгалдандыру бойынша жұмысшы | 50% |
лифтші | 50% |
кір жуушы | 50% |
сантехник | 50% |
дәнекерлеуші | 50% |
аккумуляторшы темір ұстасы | 50% |
газ-электрмен дәнекерлеуші | 50% |
жөндеуші темір ұстасы | 50% |
шиномонтажшы темір ұстасы | 50% |
басшының хатшысы | 50% |
аула тазалаушы | 50% |
қойма жұмысшысы | 50% |
электрик | 50% |
күзетші-вахташы | 50% |
от жағушы | 50% |
темір ұстасы-сантехник | 50% |
қазандық операторы | 50% |
кезекші әкімші | 50% |
жөндеуші темір ұстасы | 50% |
темір ұстасы-электрик | 50% |
Облыстық бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
жұмыскерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандыру | |
үстемеақыларын белгілеу тәртібі | |
мен шарттарына | |
2-қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) |
Лауазымдық жалақыға |
1 | 2 |
статистик | 100% |
архивариус | 100% |
Облыстық бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
жұмыскерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандыру | |
үстемеақыларын белгілеу тәртібі | |
мен шарттарына | |
3-қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) |
Лауазымдық жалақыға |
басшы | 100% |
бөлім басшысы | 100% |
дінтанушы | 100% |
дінтанушы-кеңес беруші | 100% |
психолог | 100% |
әлеуметтанушы | 100% |
саясаттанушы | 100% |
теолог | 100% |
исламтанушы | 100% |
шығыстанушы | 100% |
филолог (араб, түрік, өзбек, ұйғыр, тәжік) | 100% |
сарапшы-талдаушы | 100% |
жүргізуші | 100% |
Облыстық бюджеттен | |
қаржыландырылатын ұйымдар | |
жұмыскерлерінің лауазымдық | |
айлықақыларына ынталандыру | |
үстемеақыларын белгілеу тәртібі | |
мен шарттарына | |
4-қосымша |
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Айыртау ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Аққайың ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылжар ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мамлют ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тайынша ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Тимирязев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Уәлиханов ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің С (әкімшілік персонал), D (қосалқы персонал) блоктарына жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 |
жүргізуші | 100% |
архивариус | 50% |
вахташы | 50% |
аула тазалаушы | 50% |
қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі | 50% |
шаруашылық меңгерушісі | 50% |
инспектор (өткізу режимінің, өткізу бюросының) | 50% |
облыс әкімінің инспекторы | 50% |
іс жүргізу жөніндегі инспектор (тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі), іс жүргізуші | 50% |
қоймашы | 50% |
комендант | 50% |
от жағушы | 50% |
курьер | 50% |
әдіскер | 50% |
компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы | 50% |
көшіру-көбейту машиналарының операторы | 50% |
көмекші жұмысшы | 50% |
аударма редакторы | 50% |
қоғамдық кеңес хатшысы | 50% |
басшының хатшысы | 50% |
темір ұстасы-сантехник | 50% |
статист | 50% |
статистик | 50% |
күзетші | 50% |
қызметтік үй-жайларды тазалаушы | 50% |
электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері | 50% |