"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. "Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2023 жылғы 08 қарашадағы № 31 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Мұхамедиев |