2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. ."Қазақтелеком" акционерлік қоғамынажалпы ауданы 0,0399 га жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоселов ауылдық округі, Привольное ауылы, талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және қызмет көрсету үшін.
Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.
Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.
Жер учаскесі санау: бөлінетін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | С. Спасибушкин |