Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 21 шешімі

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоселов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. ."Қазақтелеком" акционерлік қоғамынажалпы ауданы 0,0399 га жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоселов ауылдық округі, Привольное ауылы, талшықты-оптикалық байланыс желісін және телефон кәрізін төсеу және қызмет көрсету үшін.

      Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.

      Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.

      Жер учаскесі санау: бөлінетін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Спасибушкин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады