"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мәселелері туралы" Махамбет ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
14-тармақта:
58)-тармақшасы алып тасталсын.
2. "Махамбет аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аймуратовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | К. Нурлыбаев |