"Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 1 шілдедегі № 133 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "1" шілдедегі
№ 133 қаулысына қосымша

"Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өкілеттіктер берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 20, пошталық индексі 161200.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік нарықта ілгерілету;

      2) Түркістан облысын жағымды туристік имиджін қалыптастыру;

      3) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;

      4) Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;

      белгіленген тәртіпте Түркістан облысының мүдделерін республикалық, өңіраралық және басқа да туристік іс-шараларда білдіруге;

      облыстық іс-шараларды өткізуге, республикалық іс-шараларға қатысуға, халықаралық туристік іс-шаралар өткізуге жәрдем көрсетуге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) міндеттері:

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;

      кадлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етуге, туризм жөніндегі мамандармен симпозиумдар, конфренциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға:

      Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

      16. Функциялары:

      1) Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Түркістан облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;

      3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

      4) Түркістан облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

      6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      7) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

      8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты береді;

      9) туристік ақпарат орталығын құрады;

      10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      11) гидтерді (гид аудармашы) кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;

      12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      14) Түркістан облысының аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      15) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

      16) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;

      17) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

      18) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

      19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      20) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

      21) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басқарады;

      2) Басқармаға жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен әкімдігінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерінің, Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

      5) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) келісім-шарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) банкте шоттар ашады;

      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) Басқарма қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

      12) Басқарма басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

      13) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Басқарма "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманың және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы ұйым:

      "Open Turkistan" туристік ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление туризма Туркестанской области"

Постановление акимата Туркестанской области от 1 июля 2024 года № 133

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление туризма Туркестанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление туризма Туркестанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Д. Сатыбалды

  Приложение к постановлению
акимата Туркестанской области
от "1" июля 2024 года № 133

Положение о государственном учреждении "Управление туризма Туркестанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление туризма Туркестанской области" (далее - Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере туризма на территории Туркестанской области.

      2. Управление ведомств не имеет.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, город Туркестан, микрорайон Жаңа қала, улица 32, здание 20, почтовый индекс 161200.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Учредителем Управления является акимат Туркестанской области.

      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из республиканского и местного бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Задачи:

      1) содействие туристской деятельности и создание благоприятных условий для ее развития, в продвижении туристского продукта на внутреннем и мировом туристских рынках;

      2) формирование положительного туристского имиджа Туркестанской области;

      3) определение и поддержка приоритетных направлений туристской деятельности;

      4) реализация государственной политики и осуществление координации в области туристской деятельности на территории Туркестанской области.

      15. Полномочия:

      1)права:

      в установленном порядке запрашивать и получать от государственных органов, иных организаций информацию, необходимую для выполнения своих функций, а также предоставлять информацию другим государственным органам;

      в установленном порядке представлять интересы Туркестанской области в республиканских, межрегиональных и других туристских мероприятиях;

      проводить областные мероприятия, участвовать в республиканских мероприятиях, оказывать содействие в проведении международных туристских мероприятий;

      в установленном законодательством порядке привлекать экспертов, специалистов других исполнительных органов по подготовке аналитических обзоров, составления программ, прогнозов по вопросам, входящих в компетенцию Управления;

      осуществлять иные права, предусмотренные действующими законодательными актами.

      2) обязанности:

      представлять необходимые материалы и информацию в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса от юридических и физических лиц по вопросам входящим в компетенцию Управления;

      утверждать и координировать программы подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров, методического обеспечения их деятельности, организовать симпозиумы, конференции, семинары, другие формы обучения и обмена опытом со специалистами туризма;

      выполнять иные обязанности, входящие в компетенцию Управления.

      16. Функции:

      1) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области туристской деятельности на территории Туркестанской области;

      2) анализирует рынок туристских услуг и представляет в уполномоченный орган необходимые сведения о развитии туризма на территории Туркестанской области;

      3) разрабатывает и внедряет меры по защите областных туристских ресурсов;

      4) координирует деятельность по планированию и строительству объектов туристской индустрии на территории Туркестанской области;

      5) оказывает содействия в деятельности детских и молодежных лагерей, объединений туристов;

      6) оказывает субъектам туристской деятельности методическую и консультативную помощь в вопросах, связанных с организацией туристской деятельности;

      7) развивает и поддерживает предпринимательство в области туристской деятельности как меру увеличения занятости населения;

      8) предоставляет туристскую информацию, в том числе о туристском потенциале, объектах туризма и лицах, осуществляющих туристскую деятельность;

      9) учреждает туристский информационный центр;

      10) осуществляет лицензирование туроператорской деятельности в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";

      11) организует профессиональную подготовку гидов;

      12) утверждает по согласованию с уполномоченным органом план мероприятий по развитию туристской отрасли;

      13) ведет государственный реестр туристских маршрутов и троп;

      14) создает инфраструктуру туризма на территории Туркестанской области принимает меры по строительству и развитию объектов, способных удовлетворить потребности туриста;

      15) создает условия для субъектов туристской деятельности в развитии туризма;

      16) финансирует туристские информационные центры путем прямого заключения договора в рамках реализации совместной деятельности в сфере туризма;

      17) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства при строительстве, реконструкции объектов туристской деятельности;

      18) вносит предложения в акимат области по утверждению перечня санитарно-гигиенических узлов, по которым возмещается часть затрат при их содержании, по согласованию с уполномоченным органом;

      19) возмещает часть затрат субъектов предпринимательства по строительству объектов придорожного сервиса;

      20) субсидирует часть затрат субъектов предпринимательства на содержание санитарно-гигиенических узлов;

      21) возмещает часть затрат по приобретению автомобильных транспортных средств вместимостью более восьми мест для сидения, исключая место водителя, субъектам предпринимательства, осуществляющим туристскую деятельность;

      22) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      17. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается в соответствии с Законами Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" и "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан".

      19. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) организует и руководит деятельностью Управления;

      2) несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и функций, поручений акима и акимата области, курирующего заместителя акима области;

      3) назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления, а также руководителей организаций, находящихся в ведении Управления в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      4) определяет обязанности и полномочия работников Управления, руководителей организаций, находящихся в ведении Управления в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      5) без доверенности действует от имени Управления;

      6) представляет интересы Управления в государственных органах, иных организациях;

      7) заключает договоры;

      8) выдает доверенности;

      9) открывает банковские счета;

      10) издает в пределах своей компетенции приказы и дает указания, обязательные для исполнения всеми работниками Управления и руководителей организаций, находящихся в ведении Управления;

      11) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления, руководителей организаций, находящихся в его ведении, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      12) руководитель Управления несет персональную ответственность за финансово-хозяйственную деятельность и сохранность имущества Управления;

      13) принимает меры по усилению противодействия явлениям коррупции и несет персональную ответственность за нарушения антикоррупционного законодательства.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан".

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных бюджетным законодательством и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

      22. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности области.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено бюджетным законодательством и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе" .

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение Управления и подведомственных организаций осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.

      Организация, находящаяся в ведении Управления:

      Товарищество с ограниченной ответственностью "Туристский информационный центр "Open Turkistan".