"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |
А.Ш.Жетпісбай | |
Е.А.Әлімқұлов | |
Е.Кенжеханұлы | |
Б.Д.Тәжібаев | |
Қ.Ә.Қайыпбек | |
А.Б.Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 30 қаулысына қосымша |
"Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Түркістан облысының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимараты, пошталық индексі 160023.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.
12. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқарманың кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, Басқарма "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" және "Түркістан облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемелерінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры болып табылады.
2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14. Мақсаттары:
1) Түркістан облысы аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету;
2) туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, туристік өнімді ішкі және дүниежүзілік нарықта ілгерілету;
3) Түркістан облысын жағымды туристік имиджін қалыптастыру;
4) туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
5) Түркістан облысының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асыру.
15. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзырына кіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, өзге де ұйымдардан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен өзге де ақпараттарды сұратуға және алуға;
Басқармаға бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;
белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізуге;
облыстық бюджет жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге және өз құзыретінің шегінде клубтар, кітапханалар, театрлар, кинотеатрлар, музейлер және басқа да мәдениет объектілерін жобалау және салу жөніндегі ұсыныстарды қарауға құқылы;
белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;
белгіленген тәртіпте Түркістан облысының мүдделерін республикалық, өңіраралық және басқа да туристік іс-шараларда білдіруге;
облыстық іс-шараларды өткізуге, республикалық іс-шараларға қатысуға, халықаралық туристік іс-шаралар өткізуге жәрдем көрсетуге;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттер:
облыста мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның халықаралық беделін нығайту;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуына ықпал жасау;
облыстың аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсету;
қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттар мәдениетінің сақталуына, дамуына және таралуына қамқорлық көрсету;
облыс аумағындағы барлық санаттағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын және оларды пайдалану құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алуды, сақтау мен қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша облыстың атқарушы органның іс-шараларын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;
мәдениет пен өнерді сақтау, дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстық ведомствалардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ облыстық аудан және қала әкімдері аппараттарымен саланың өзекті мәселелерін тәжірибелік шешуге қатысты мәселелер бойынша, өзара әрекеттесу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;
кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етуге, туризм жөніндегі мамандармен симпозиумдар, конфренциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
16. Функциялары:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) облыстағы театр, цирк, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес уәкілетті органмен келісе отырып, облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;
4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
6) өңірлік көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
7) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
9) облыс аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер беру;
10) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
11) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;
12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау;
13) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру бойынша жұмысты жүргізу;
14) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
15) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
16) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;
17) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
18) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
19) мемлкеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
20) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
21) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
22) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
23) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;
24) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келісу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
25) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;
26) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
27) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және беру, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылау бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
28) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;
29) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
30) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
31) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарау және келiсу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
32) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
33) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айырады және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
34) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
35) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;
36) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;
36-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
37) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;
38) туристік қызметкер көрсету нарығына талдау жасау және Түркістан облысының аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс ету;
39) облыстың туристік ресурстарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
40) Түркістан облысының аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және сату жөніндегі қызметті үйлестіру;
41) балалар мени жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктері мен өзіндік туризмді дамыту қызметіне қолдау көрсету;
42) туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
43) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
44) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әуеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты беру;
45) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
46) туристік ақпарат орталығын құру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
47) гидтердің (гид аудармашы) кәсіптік даярлауын ұйымдастыру;
48) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс- шаралар жоспарын бекіту;
49) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
50) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдау;
51) туризмді дамытуда туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасау;
52) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландыру;
53) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
54) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекіту;
55) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
56) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
57) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
58) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 28.02.2024 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Басқарманың бірінші басшысынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) Басқармаға жүктелген мақсаттар мен функцияларды, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда Басқарманың мүдделерін бiлдiреді;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банктік шоттар ашады;
10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың жұмысшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарлату, көтермелеу, үстемақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
12) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;
13) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
14) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауаптыболады;
15) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне және берілген мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;
16) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Конгресс Холл көпсалалы кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан музыкалық-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8) Түркістан облысының мәдениет басқармасының және туризм "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
9) Түркістан облысының мәдениет басқармасының және туризм "Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Кентау қалалық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
11) "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "С.Қожанов атындағы музей" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Төлеби ауданының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Арыс қаласының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
14) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
15) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Ұлы Дала Елі Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
16) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Қазығұрт аудандық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
17) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
19) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Руханият-Әбу-Нәсір әл-Фараби музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Бейнелеу өнері музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны;
21) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Оңтүстікфильм" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының "Open Tukistan" туристік ақпараттық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.