Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Түркістан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2023 жылғы 21 ақпандағы № 30 "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы";
2) 2024 жылғы 28 ақпандағы № 43 "Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 30 "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы".
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Д. Сатыбалды |