Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 30 "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 28 ақпандағы № 43 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 258 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 12.12.2024 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы №30 "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      16 тармақ:

      келесі мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;".

      2. "Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады