Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің 14.06.2024 № 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 02-05/102 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Тексеруге өткізілген бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан "Құтырық" ауруына оң нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабау ауылы округі, Сынтас елді мекені, Л.Тотаев көшесі № 1-19 тұрғын үйлердің аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округінің әкімі | Ж.Алимкулов |