Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 02-05/160 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекені Л.Тотаев көшесі № 1-19 тұрғын үйлердің аумағында бір бас ірі қара малының, бас миы сынамасынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы Қарабау ауылы округі әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылы округі әкімі | Ж.Алимкулов |