Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) және Ордабасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 ақпандағы №428 "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Ордабасы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат төрағасы | Б.Джумабеков |
шешіміне 1 қосымша |
Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,7 |
2 | |||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,2 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,2 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,24 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,4 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,02 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,06 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,5 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,26 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 1,2 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,2 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 1,2 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1,4 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,55 |
17 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,59 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,4 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,85 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 машина/тұрақ | - |
25 | Парикмахерские, косметические салоны | 1 рабочее место | 2,2 |
26 | Шаштараздар, сұлулық салондары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,56 |
27 | Зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сағат жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,75 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілт жасау және т.б.) | 1 жұмыс орны | 0,55 |
29 | Бания, саунлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,15 |
30 | Заңды, қалада бұқаралық шараларды ұйымдастыру, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушылар | - |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
шешіміне 2 қосымша |
Ордабасы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы емес үйлер(жер үйлер) | 1 адам | 160 тг/айына |
1.2 | Жайлы үйлер(көпқабатты үйлер) | 1 адам | 136 тг/ айына |
1.3 | Отбасында 4 және одан да жоғары адам саны болған жағдайда | 640тг/айына | |
1.4 | Заңды тұлғалар | 1 текше метр | 1600 |
2 | Азаматтардың өз есебінен полигонға қатты тұрмыстық қалдықтарды жеткізу, көму және кәдеге жарату тарифтері | ||
2.1 | Жеке тұлғалар | Жеке тұлғалар | 600 |
2.2 | Заңды тұлғалар | Заңды тұлғалар | 1000 |