Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 ақпандағы № 12/2 шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабының 3- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1- тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24382 болып тіркелген) және Ордабасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 ақпандағы №428 "Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзiлу және жинақталу нормалары осы шешiмнің 1-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Ордабасы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешiмнің 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат төрағасы Б.Джумабеков

  шешіміне 1 қосымша

Ордабасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,7

2

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,2

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,2

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,24

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,4

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,02

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,06

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,26

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

1,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

1,2

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

1,2

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,4

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,55

17

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,04

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,59

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1 м2

-

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,38

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,4

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,85

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 машина/тұрақ

-

25

Парикмахерские, косметические салоны

1 рабочее место

2,2

26

Шаштараздар, сұлулық салондары

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

27

Зергерлік бұйымдар, аяқ киім және сағат жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,75

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілт жасау және т.б.)

1 жұмыс орны

0,55

29

Бания, саунлар

Жалпы алаңы 1 м2

1,15

30

Заңды, қалада бұқаралық шараларды ұйымдастыру, саябақ қалдықтары

1000 қатысушылар

-

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  шешіміне 2 қосымша

Ордабасы ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атаулары 

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

1.1

Жайлы емес үйлер(жер үйлер)

1 адам

160 тг/айына

1.2

Жайлы үйлер(көпқабатты үйлер)

1 адам

136 тг/ айына

1.3

Отбасында 4 және одан да жоғары адам саны болған жағдайда

640тг/айына

1.4

Заңды тұлғалар

1 текше метр

1600

2

Азаматтардың өз есебінен полигонға қатты тұрмыстық қалдықтарды жеткізу, көму және кәдеге жарату тарифтері

2.1

Жеке тұлғалар

Жеке тұлғалар

600

2.2

Заңды тұлғалар

Заңды тұлғалар

1000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады