"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 31 мамырдағы № 08-02-07/207 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі, Батырата елді мекені, Жандосов көшесі № 3 бойында ірі қара мал арасында "құтыру" ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты белгіленген шектеу шаралары алынып тасталсын.
2. Қараспан ауылдық округі әкімінің "Шектеу шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 33 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | Н.Умаров |