Шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округі әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 33 шешiмi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округі әкімінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 52 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды -  Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округі әкімінің 11.06.2024 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7- тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 03 сәуірдегі №08-02- 07/125 ұсынысына сәйкес, Қараспан ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Батырата елді мекені, Жандосов көшесі №3 үйдің мүйізді ірі қара малы "Құтыру" ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі Н.Умаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады