Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің 12.06.2024 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7- тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №08-02-07/146 ұсынысына сәйкес, Шұбарсу ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округіне қарасты "Цементник-2" алабы, Сарайшық көшесі № 7/198 үйдің уақ малы "Құтыру" ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, "Цементник-2" алабы, Сарайшық, Пістелі, Орал және Жастабан көшелеріне шектеу іс-шаралары енгізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | А.Турсунбаев |