Шектеу шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 116 шешiмi. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 176 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округі әкімінің 12.06.2024 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7- тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 наурызда № 10414 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №08-02-07/146 ұсынысына сәйкес, Шұбарсу ауыл округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл округіне қарасты "Цементник-2" алабы, Сарайшық көшесі № 7/198 үйдің уақ малы "Құтыру" ауруына оң нәтиже беруіне байланысты, "Цементник-2" алабы, Сарайшық, Пістелі, Орал және Жастабан көшелеріне шектеу іс-шаралары енгізілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округі әкімі А.Турсунбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады