Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Сайрам ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Ш.Халмұрадов |
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі №15-120/VIII шешіміне 1-қосымша |
Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м³ |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 0,826 |
Жайлы емес үйлер | 0,835 | ||
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,203 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,261 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,130 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,297 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,029 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,111 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1оқушы | 0,135 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,261 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары | 1 отыратын орын | 0,036 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1м² | 0,022 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,074 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1м² | 0,08 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1м² | 0,172 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны1м² | 0,149 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1м² | 0,092 |
17 | көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,019 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1м² | 0,031 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1м² | 0,07 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1м² | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1м² | 0,138 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 3,792 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,463 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,622 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1м² | 0,11 |
27 | Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1м² | 0,036 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 0,029 |
29 | Моншалар, сауналар |
Жалпы алаңы | 0,132 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,013 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі №15-120/VIII шешіміне 2-қосымша |
Сайрам ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын, айына | 169 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын, айына | 171 |
Бірлік (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2450 |