Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 15-120/VIII шешiмi

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабы 3 тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Сайрам ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Халмұрадов

  Сайрам аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№15-120/VIII шешіміне 1-қосымша

Сайрам ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м³

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

0,826

Жайлы емес үйлер


0,835

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,203

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,261

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,130

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,297

6

Емханалар

1 келіп кету

0,029

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,111

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1оқушы

0,135

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,261

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары

1 отыратын орын

0,036

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1м²

0,022

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,074

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1м²

0,08

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1м²

0,172

15

Машиналардан сату

Сауда орны1м²

0,149

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1м²

0,092

17

көтерме базалар, өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының қоймалары

Жалпы алаңы 1м²

0,019

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі, халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1м²

0,031

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1м²

0,07

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

Жалпы алаңы 1м²

-

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1м²

0,138

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

3,792

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,463

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

-

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,622

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1м²

0,11

27

Зергерлік, аяқ қиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1м²

0,036

28

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,029

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы
1м²

0,132

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,013

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

  Сайрам аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 сәуірдегі
№15-120/VIII шешіміне 2-қосымша

Сайрам ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын, айына

169

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын, айына

171

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2450


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады