Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 13/109-VІІІ шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-6-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков

  Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2024 жылғы 24 мамырдағы
№ 13/109-VІІІ шешіміне қосымша

Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші - қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33163 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;

      2) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісінше мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      3) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы құратын және қандастарға, олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және интеграциялау қызметтерін көрсетуге және уақытша тұруға арналған заңды тұлға;

      4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың және (немесе) қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      5) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;

      6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың және (немесе) қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;

      7) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасу немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу орталықтарына бір облыс шегінде қоныс аудару;

      8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы;

      9) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) ішкі көші-қон – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы;

      11) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;

      12) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.

2-тарау. Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі

      3. Шығыс Қазақстан облысында көші-қон процестерін мониторингтеу олардың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріліп жүзеге асырылады.

      Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі, инженерлік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жатады

      4. Шығыс Қазақстан облысында көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға);

      еңбекші көшіп келушілерді тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      5. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру екі бағыт бойынша:

      1) Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде;

      2) бір облыс шегінде жүзеге асырылады.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалар, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ экономикалық өсу орталығы қатарынан елді мекендердің тізбесін қалыптастырады.

      7. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жыл сайын, 15 желтоқсанға дейін, қандастар мен қоныс аударушыларды, оның ішінде облыс ішінде қоныстандыру мақсатында жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін анықтайды.

      8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган елді мекендер тізбесін Электрондық еңбек биржасында, "Қоныс аудару" бөлімінде орналастыруды қамтамасыз етеді және еңбек мобильділігі орталықтарына, ауылдық округтердің әкімдіктеріне жібереді.

      9. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.

      10. Демографиялық дамуды мемлекеттік қолдауға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация және ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында қандастарды қоныстандыру үшін бейімдеу бағдарламалары жүзеге асырылады.

      11. Көші-қон жағдайының дамуын мониторингтеуді және болжауды қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.

      12. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген "Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" қағидаларымен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

Решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 24 мая 2024 года № 13/109-VІІІ

      В соответствии с пунктом 2-6 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Восточно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Восточно-Казахстанского областного маслихата Д. Рыпаков

  Приложение к решению
Восточно-Казахстанского
областного маслихата
от 24 мая 2024 года
№ 13/109-VІІІ

Правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 312 "Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33163) и определяют порядок регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области.

      2. Основные понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) единая информационная система социально-трудовой сферы – объект информатизации, предназначенный для автоматизации деятельности уполномоченного государственного органа, местных исполнительных органов по вопросам социальной защиты и занятости населения, центров трудовой мобильности, карьерных центров, Центра развития трудовых ресурсов и межведомственного взаимодействия в целях предоставления государственных услуг населению в социально-трудовой сфере;

      2) кандас – этнический казах и (или) члены его семьи казахской национальности, ранее не состоявшие в гражданстве Республики Казахстан, получившие соответствующий статус в порядке, установленном уполномоченным органом по вопросам миграции населения;

      3) центр адаптации и интеграции кандасов – юридическое лицо, учреждаемое местным исполнительным органом Восточно-Казахстанской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан и предназначенное для оказания кандасам, членам их семей адаптационных и интеграционных услуг и временного проживания;

      4) региональная квота приема кандасов – предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан;

      5) переселенец – внутренний мигрант, переселившийся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан;

      6) региональная квота приема переселенцев – предельное число переселенцев или переселенцев и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с Социальным кодексом Республики Казахстан;

      7) внутриобластное переселение – переселение в пределах одной области из сел с низким экономическим потенциалом в города областного (районного) значения при возможности выделения жилища из государственного жилищного фонда и трудоустройства на постоянное рабочее место или в развитии предпринимательской инициативы;

      8) местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения – управление координации занятости и социальных программ Восточно-Казахстанской области, определяющий направления в сфере социальной защиты и занятости населения;

      9) уполномоченный орган по вопросам миграции населения – центральный исполнительный орган, осуществляющий в пределах своей компетенции руководство в области миграции населения, регулирование миграционных процессов, координацию работы и реализацию государственной политики в области миграции населения;

      10) внутренняя миграция - переселение физических лиц внутри Республики Казахстан в целях постоянного или временного проживания;

      11) внутренний мигрант – лицо, переселяющееся внутри Республики Казахстан самостоятельно в целях постоянного или временного проживания;

      12) этнический казах – иностранец или лицо без гражданства казахской национальности.

Глава 2. Порядок регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области

      3. В Восточно-Казахстанской области мониторинг миграционных процессов осуществляется с учетом их влияния на состояние социально-экономического, демографического и культурного развития, экологическую обстановку.

      К особенностям миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области относятся плотность населения, иммиграция, эмиграция, трудовая миграция, потоки внутренней миграции, процесс урбанизации, экологическая и религиозная обстановка области, национальный состав населения, сбалансированность регионального рынка труда, обеспеченность инженерно-транспортной и социальной инфраструктурой.

      4. Для регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области, местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения вносит предложения в уполномоченный орган по вопросам миграции населения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории области для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение трудовых иммигрантов.

      5. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется по двум направлениям:

      1) в регионы, определенные Правительством, в рамках региональных квот приема переселенцев и кандасов;

      2) в пределах одной области.

      6. Местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения для повышения мобильности рабочей силы формирует перечень населенных пунктов для переселения из числа сельских населенных пунктов, малых и моногородов со средним и высоким потенциалом экономического развития, городов областного и районного значения, а также центра экономического роста.

      7. Местный исполнительный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения ежегодно, до 15 декабря определяет перечень населенных пунктов для добровольного переселения лиц для повышения мобильности рабочей силы в целях расселения кандасов и переселенцев, в том числе для внутриобластного переселения.

      8. Местный орган по вопросам социальной защиты и занятости населения обеспечивает размещение перечня населенных пунктов в Электронной бирже труда, в разделе "Переселение" и направляет в центр трудовой мобильности, карьерные центры, акиматам сельских округов.

      9. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.

      10. В территориях агломерации и сельских населенных пунктов, малых и моногородов, городов районного и областного значения с потенциалом развития, имеющих потребность в государственной поддержке демографического развития, реализуются адаптационные программы для расселения кандасов.

      11. В целях обеспечения мониторинга и прогнозирования развития миграционной ситуации, решения вопросов трудоустройства, строительства школ, детских садов, медицинских учреждений, планирования социально-экономического развития осуществляется регистрационный учет населения.

      12. Регистрация и учет граждан Республики Казахстан, временно пребывающих или постоянно проживающих в Республике Казахстан иностранцев и лиц без гражданства по месту постоянного и (или) временного пребывания (проживания) осуществляются в соответствии с Правилами регистрации внутренних мигрантов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 декабря 2011 года № 1427 "Об утверждении Правил регистрации внутренних мигрантов и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан".