Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысымен
бекітілген

Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 1427 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.06.2015 № 408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 297 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.27 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      9. "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 134-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде:

      5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құжаттарды қабылдауды бастау белгіленген күннен бастап Қазақстан Республикасының азаматтары уәкілетті органға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш және мынадай құжаттарды береді:

      1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

      2) мемлекеттік қызмет өтілін, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, өтініш берушінің (ерінің/жұбайының) осы елді мекендегі жұмыс орнынан анықтама;

      3) некеге тұру (некені бұзу, ерінің/жұбайының қайтыс болғаны туралы куәліктің) және балаларының тууы туралы куәліктердің (мұндайлар бар болған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      4) кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе қызметтік тізімінен үзінді көшірмесі;

      5) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);

      6) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы қарыз алушының (бірлесіп қарыз алушының) жұмыс орнынан жалақы туралы анықтама;

      7) құжаттар тапсырылған айдың алдындағы соңғы 12 айдағы жеке шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы анықтама (мүшелері мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың, мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері болып табылмайтын жас отбасы санаты үшін);

      8) жүктілігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

      9) мүгедектігі туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

      10) сот орындау парақтары және банктік қарыздар бойынша міндеттемелері болған кезде қарыз шартының және (немесе) сот шешімінің көшірмелері.

      Осы құжаттар тізбесі жеткілікті болып табылады.".

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 603 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      11. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 131 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.2024 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 N 1119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.02.2014 № 80 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 217 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      19. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 26.09.2024 № 782 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. "Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi жүзеге асыру қағидасында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);".

      21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.07.2015 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады