Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 132 "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесідей мазмұндағы 11-1), 45-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) облыстық деңгейде сала қызметкерлерін мемлекеттік, ведомстволық наградаға ұсыну және құжаттарын дайындау;";
"45-1) азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;".
2. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.
Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |