Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
1-бөлім мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші жолдармен толықтырылсын:
2-бөлім мынадай редакциядағы үшінші жолмен толықтырылсын:
3 | Басқа көріністі жылауықты фиброз, Муковисцидоз, аралас түрі, ішектер мен тыныс алу жолдарының зақымдалуы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | орталық катетерді күтуге арналған құралдар (антисептиктер, стерильді медициналық майлықтар, стерильді және стерильді емес таңғыштар, адгезивтерді кетіруге арналған тазартқыш, үш жақты кран, бактерияға қарсы ауа сүзгісі бар аспирациялық канюльдер, шприц сорғыларымен үйлесімді көктамыр ішіне енгізу үшін ұзартылған магистраль, жарыққа төзімді ерітінділерге арналған инфузиялық қап, инфузиялық бітеуіш, алынбалы инесі бар шприцтер (шприцті инфузиялық сорғыларға арналған инемен бұрандалы қосылыс), инфузияны өшірген кезде катетер құлыптары |
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |