Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-6 шешімі

      Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6407 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      1-бөлім мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші жолдармен толықтырылсын:

35

Миастения

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Преднизолон үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасы, Азатиоприн үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасы

36

Н факторына антиденелермен байланысты атипті гемолитикалық-уремиялық синдром

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Экулизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат

37

Ассоциацияланған спондилоартрит

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Секукинумаб тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

38

Басқа көріністі жылауықты фиброз, Муковисцидоз, аралас түрі, ішектер мен тыныс алу жолдарының зақымдалуы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Инфузияға арналған құтыдағы микроэлементтер ерітіндісі, суда ерігіш дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы лиофилизат ұнтақ, май эмульсиялары, майда еритін дәрумендер, инфузияға арналған құтыдағы эмульсия

      2-бөлім мынадай редакциядағы үшінші жолмен толықтырылсын:

3

Басқа көріністі жылауықты фиброз, Муковисцидоз, аралас түрі, ішектер мен тыныс алу жолдарының зақымдалуы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

орталық катетерді күтуге арналған құралдар (антисептиктер, стерильді медициналық майлықтар, стерильді және стерильді емес таңғыштар, адгезивтерді кетіруге арналған тазартқыш, үш жақты кран, бактерияға қарсы ауа сүзгісі бар аспирациялық канюльдер, шприц сорғыларымен үйлесімді көктамыр ішіне енгізу үшін ұзартылған магистраль, жарыққа төзімді ерітінділерге арналған инфузиялық қап, инфузиялық бітеуіш, алынбалы инесі бар шприцтер (шприцті инфузиялық сорғыларға арналған инемен бұрандалы қосылыс), инфузияны өшірген кезде катетер құлыптары

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады