Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 28.03.2024 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Сергазиевич Тукжанов тағайындалсын.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 07 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Е. Ихсанов |