Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 05-21/1059 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Жаңақала ауданының Жаңақазан, Мастексай, Көпжасар ауылдық округтері және Жаңажол ауылдық округінің Сарыкөл ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Кажиев Ерлан Еркінұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Көшкінбаев |