Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы әкiмiнiң "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырым ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Батырниязов |