Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкiмiнiң "Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.  Сырым ауданы әкiмiнiң "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 4 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырым ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Батырниязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады