"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 қазанда тіркелген №7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С.Шабаров |
Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "10" ақпандағы № А-1/32 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ п/п | Тұрғын үй мекенжайы | Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері, теңге (айына бір шаршы метр үшін) |
1 |
Шортанды ауданы Шортанды кенті Комсомольская көшесі 24 үй 17 пәтер | 246 |