БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ережеде:
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.".
19-тармақтың 3) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
3) Министрге Комитеттің құрылымы және штаты бойынша ұсыныстар береді;
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Астана қаласының аумақтық әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiң төрағасы А.С.Қайырбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты |
Е. Саденов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 09 сәуірдегі № 263 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (бұдан әрi – Комитет) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5. Комитетке егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің орналасқан жері: индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бейімбет Майлин көшесі, 2-үй.
9. Комитеттің толық атауы: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлерімен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) жазаларды өтеу және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау тәртібі мен шарттарын реттеу;
2) сотталғандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, күдіктілердің, айыпталушылардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
2-1) қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдар арасында тәрбие жұмысын, сонымен қатар психологиялық-педагогиялық әдістерді қолдана отырып ұйымдастыру;
3) Алынып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 25.11.2019 № 1010 бұйрығымен.
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
14. Функциялары:
1) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне орналастыруды ұйымдастырады;
2) күзеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
3) сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;
4) жазаны орындайтын органдар мен мекемелердің қызметіне ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
5) сотталғандардың жалпы және кәсіптік білім алуын ұйымдастырады;
6) сотталғандардың еңбекпен қамтылуын ұйымдастырады;
7) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
8) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;
9) қылмыстардың анықталуын, жолын кесуді, алдын-алуды және ашылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
10) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
11) Қазақстан Республикасы азаматтарының, қылмыстық-атқару жүйесі органдарында және мекемелерінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді қарайды, оларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
12) Комитеттің жұмыс бағыты бойынша ақпараттық және ақпараттық-талдау жүйесін құрады, пайдаланады және жетілдіреді;
13) мемлекеттік құпияларды қорғауды, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
14) аумақтық бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Аумақтық бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;
15) мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде тартылған еңбекті нормалау жөніндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасасады, басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің ғылыми-негізделген жүктеме нормативтерін әзірлеу үшін талап етілетін материалдар мен мәліметтерді дайындауды және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, әзірленген жүктеме нормативтерінің сапасына, сондай-ақ олардың негізділігіне және практикада қолдану мүмкіндігіне жауап береді;
16) ғылыми-негізделген нормативтерге сәйкес басқарудың барлық деңгейінде сеніп тапсырылған бөліністердің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің нақты жүктемесіне талдау жүргізеді, оның негізінде олардың нормативтік штаттық санын анықтайды және оны қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді.
17) өз құзыреті шегінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі.
18) Комитеттің мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді.
19) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi.
20) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері және ұйымдары, аумақтық бөліністерінің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
21) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын жасасуын қамтамасыз етеді.
22) пробация қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.
23) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2022 № 18 бұйрығымен.
24) ҚАЖ мекемелерінде режим, қадағалау, күзет және өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады;
25) сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастырады.
15. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар сұратуға және алуға және сәйкес жауап ұсыну;
2) қылмыстық-атқару жүйесінің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу;
3) Ішкі істер министріне қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде ерекше жағдайлар режимiн енгiзу туралы ұсыныстар енгізу;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін, аумақтық бөліністері мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, қайта орналастыру және тарату туралы ұсыныстар әзірлеу;
5) кеңестер, семинарлар, конференциялар, оның ішінде халықаралық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
7) әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға конкурстар жариялау;
8) заңнамаға сәйкес консултативтің-кеңес органдарын құру;
9) Комитетті және оның аумақтық бөліністерін, сондай-ақ мекемелер мен кәсіпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
10) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар оларға берген мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ олар құпиялаған мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету.
3. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) жүзеге асырады.
17. Комитет төрағасын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөліністері, сондай-ақ аумақтық бөліністері, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері және ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгiлейдi;
2) Комитеттің, оның аумақтық бөліністерінің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін және жұмыскерлерін заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
3) Министрге Комитеттің құрылымы және штаты бойынша ұсыныстар береді;
4) заңнамаға және Министр бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және аумақтық бөліністердің, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органдарының басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға ұсынады;
6) орта және аға басшы құрамның бірінші арнаулы атақтарын және әділет капитанын қоса алғанға дейінгі кезектi арнаулы атақтарды береді;
7) Комитеттiң құрылымдық бөлiністерi туралы ережелерді бекітеді;
8) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттің мүддесін білдiредi;
9) белгіленген тәртiппен Комитеттің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін және жұмыскерлерін қылмыстық-атқару жүйесі органдарына, мекемелері мен ұйымдарына практикалық көмек көрсету және олардың қызметіне тексеру жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi;
10) Комитеттiң, сондай-ақ аумақтық бөліністердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлік дайындығын сақтауын ұйымдастырады;
11) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;
12) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
13) Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында штаттық тәртіптің сақталуын бақылайды;
14) Комитеттің, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының лимиттік және штаттық санын есепке алуды жүргізеді;
15) Министр бұйрықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлейді;
16) Комитеттің, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының штаттық саны туралы есептілік құрастыруды бақылайды;
17) Комитеттің және оның құрылымдық бөліністерінің жұмыс жоспарын бекітеді;
18) өз орынбасарларына, Комитеттің құрылымдық бөліністерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларына өкілеттіктер береді;
19) заңнамаға сәйкес демалыстар береді;
Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20) тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтiк тергеулер жүргізу бойынша шешімдер қабылдайды.
21) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес оның құзыретiне жататын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Комитеттің мүлкi
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Комитеттiң мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттiң өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. Қылмыстық-атқару жүйесі (пенитенциарлық) мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек-Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөліністердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
2. Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
3. Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
4. Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
5. Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.
6. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 06.09.2023 № 679 бұйрығымен.
7. Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
9. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
10. Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
11. Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
12. Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
13. Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
14. Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
15. Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
16. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті;
17. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.
18. Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесi департаментi.
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 1 мекеме".
2. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 2 мекеме".
3. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 3 мекеме".
4. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 4 мекеме".
5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 5 мекеме".
6. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 6 мекеме".
7. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 7 мекеме".
8. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 8 мекеме".
9. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 9 мекеме".
10. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 10 мекеме".
11. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 11 мекеме".
12. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 12 мекеме".
13. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 13 мекеме".
14. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 14 мекеме".
15. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 15 мекеме".
16. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 16 мекеме".
17. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 17 мекеме".
18. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 18 мекеме".
19. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 19 мекеме".
20. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 20 мекеме".
21. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 21 мекеме".
22. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 22 мекеме".
23. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 23 мекеме".
24. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 24 мекеме".
25. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 25 мекеме".
26. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 26 мекеме".
27. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 27 мекеме".
28. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 28 мекеме".
29. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 29 мекеме".
30. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 30 мекеме".
31. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 31 мекеме".
32. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 32 мекеме".
33. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 33 мекеме".
34. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 34 мекеме".
35. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 35 мекеме".
36. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 36 мекеме".
37. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 37 мекеме".
38. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 38 мекеме".
39. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 39 мекеме".
40. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 40 мекеме".
41. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 41 мекеме".
42. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 42 мекеме".
43. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 43 мекеме".
44. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 44 мекеме".
45. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 45 мекеме".
46. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 46 мекеме".
47. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 47 мекеме".
48. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 48 мекеме".
49. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 49 мекеме".
50. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 50 мекеме".
51. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 51 мекеме".
52. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 52 мекеме".
53. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 53 мекеме".
54. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 54 мекеме".
55. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 55 мекеме".
56. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 56 мекеме".
57. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 57 мекеме".
58. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 58 мекеме".
59. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 59 мекеме".
60. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 60 мекеме".
61. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 61 мекеме".
62. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 62 мекеме".
63. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 63 мекеме".
64. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 64 мекеме".
65. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 65 мекеме".
66. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 66 мекеме".
67. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 67 мекеме".
68. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 68 мекеме".
69. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 69 мекеме".
70. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 70 мекеме".
71. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 71 мекеме".
72. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 72 мекеме".
73. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 73 мекеме".
74. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 74 мекеме".
75. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 75 мекеме".
76. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 76 мекеме".
77. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 77 мекеме".
78. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 78 мекеме".
79. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті "№ 79 мекеме".
80. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің күзет бөлiмi.
81. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің оқу орталығы.