"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 1010 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережеде:

      13-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Міндеттері:";

      3) тармақша алынып тасталсын;

      14-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) күзеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;";

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік құпияларды қорғауды, қылмыстық-атқару жүйесіндегі құпиялылық режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      14) аумақтық бөліністердің үлгі ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Аумақтық бөліністердегі тиісті ережелердің және лауазымдық нұсқаулықтардың әзірленуін және бекітілуін, сондай-ақ оларды қызметкерлер мен жұмыскерлердің зерделеуін бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21), 22) және 23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) өз құзыреті шегінде қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, бекітеді және келіседі.

      18) Комитеттің мүдделерін соттарда, өзге де мемлекеттік органдарда қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді.

      19) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiредi.

      20) Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері және ұйымдары, аумақтық бөліністерінің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.

      21) пробацияны жүзеге асыратын субъектілердің өзара іс-қимылын жасасуын қамтамасыз етеді.

      22) пробация қызметтерінің жұмысын үйлестіреді.

      23) қылмыстар туралы істерді анықтауды және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады.";

      19-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөліністері, сондай-ақ аумақтық бөліністері, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелері және ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгiлейдi;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңнамаға және Министр бекітетін лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және аумақтық бөліністердің, Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың, қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;";

      9), 10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) белгіленген тәртiппен Комитеттің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілерін және жұмыскерлерін қылмыстық-атқару жүйесі органдарына, мекемелері мен ұйымдарына практикалық көмек көрсету және олардың қызметіне тексеру жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға жiбередi;

      10) Комитеттiң, сондай-ақ аумақтық бөліністердің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлік дайындығын сақтауын ұйымдастырады;

      11) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;";

      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) заңнамаға сәйкес демалыстар береді;";

      мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) тәртiп пен заңдылықты бұзу фактілері бойынша қызметтiк тергеулер жүргізу бойынша шешімдер қабылдайды.

      21) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес оның құзыретiне жататын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның міндеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігі, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күре саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасауды қамтамасыз ететін ведомство болып табылады.

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      10 және 12-тармақтар алып тасталсын;

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      13. Міндеттері:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы;

      2) қоғамдық тәртіпті сақтау;

      3) жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылау және қадағалау;

      4) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымын мемлекеттік бақылау;

      5) күзет қызметі саласында мемлекеттік бақылау;

      6) ішкі істер органдарына ведомстволық бағынысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік өндірістің жағдайын бақылау.

      14. Функциялары:

      1) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша бақылау-әдістемелік және өукімдік функцияларды орындайды, сондай-ақ құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті қамтамасыз етеді;

      2) құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

      3) әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;

      4) ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру жұмысының жағдайына бақылауды ұйымдастырады;

      5) қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылық профилактикасына, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрысты құқықтық насихаттауға қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу бойынша шаралар қабылдайды;

      6) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судья талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, тергеушінің, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауды бақылайды;

      7) өз құзыреті шегінде әкімшілік полиция қызметі бойынша нормативтік- құқықтық актілерін әзірлейді, сондай-ақ әзірлеуге және келісуге қатысады;

      8) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздестіру, ұстау және арнайы медициналық мекемелерге жеткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      9) әкімшілік полиция құзыреті кіретін қылмыстарды анықтау, жолын кесу, алдын алу және ашу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      10) әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық қызметті қамтамасыз етеді;

      11) кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдеріне қатысты жеке профилактика жағдайына бақылауды ұйымдастырады;

      12) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберу немесе кәмелетке толмағандарға қамқоршылықты немесе қорғаншылықты ресімдеуді ұйымдастырады, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуді бақылайды;

      13) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса арнайы мекемелерде ұстау бойынша қызметті ұйымдастырады. Қылмыстық жауапкершілік белгіленетін жасқа жетпеген және қылмыс жасаған, сондай-ақ ұстаудың ерекше режиміндегі білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, қамқоршысына, қорғаншысына және оларды тәрбиелеу бойынша заңмен міндеттер жүктелген өзге адамдарға беріледі;

      14) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары және қоғамға қарсы іс-әрекеттері, оған ықпал еткен себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;

      15) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа, қоғамға қарсы әрекет жасауға тартатын не балаларға қатысты өзге құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толғмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күту бойынша өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісті түрде орындайтын не олардың тәртібіне теріс ықпал ететін ата-аналарын және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін, педагогтарын, тәрбиешілерін, оқыту, тәрбиелеу және өзге мекеменің кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа қызметкерлерін анықтауды ұйымдастырады және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды;

      16) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа да заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына көмек көрсетеді;

      17) өз құзыреті шегінде балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

      18) кәмелетке толмағандарға балалар үшін тыйым салынған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді таратқан кезде Қазақстан Республикасының балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      19) жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

      20) белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен хабарламаларын қарайды;

      21) күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды ұйымдастырады;

      22) қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдіктілер мен айыптаушыларды, белгілі тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарды, әкімшілік қамауға алынғандарды полиция органдарының арнайы мекемелерінде ұстауды, күдіктілер мен айыптаушыларды айдауылдауды, қылмыстық (әкімшілік) процесті жүргізуші органдардың оларға қатысты қаулыларының, ұйғарымдарының және үкімдерінің орындалуын ұйымдастырады;

      23) полиция органдарының арнайы мекемелерінде режимдік талаптардың сақталуын ұйымдастырады;

      24) жедел жағдайды тұрақтандыруға және құқықтық тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІО жұмысын жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      25) жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесуге, сондай-ақ карантиндік, санитарлық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларын өткізу шараларын қабылдайды;

      26) белгіленген тәртіпте көлік құралдарына ілесіп жүруді ұйымдастырады;

      27) өз құзыреті шегінде жол жүрісі қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдайды;

      28) жүргізушілер куәліктерін беруді, сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды ұйымдастырады;

      29) жол жүрісін реттеуді және халықаралық және калааралық бағдарларда жолаушыларды тасымалдауды көліктік бақылауды ұйымдастырады;

      30) республикалық маңызы бар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келіседі;

      31) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бақылауды ұйымдастырады және оны орындау үшін міндетті түрде ұйғарымдар береді;

      32) жүргізушілер куәліктерінің, көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің бланкілерінің, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      33) аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бойынша құжаттаманы белгіленген тәртіппен келіседі;

      34) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құрады және пайдаланады;

      35) әкімшілік полиция бөліністерінің ақпараттық-есептеуіш жүйелерінің ақпараттық ресурстарын біріктіру жолдарын анықтайды;

      36) одан әрі оларды ішкі істер органдарының бірыңғай ақпараттық желісіне қоса отырып, әкімшілік полиция бөліністерінің өңірлік ақпараттық желілерін құру бойынша жобаларды қарастырады;

      37) әкімшілік полиция бөліністері ұсынатын электрондық мемлекеттік қызмет көрсетулерді енгізуді және оларды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ ІІО аумақтық бөліністері көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша стандарттарды сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәніне жыл сайынғы, ай сайынғы, апта сайынғы талдау өткізумен мемлекеттік қызмет көрсету жағдайын бақылайды;

      38) ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялау және рұқсаттар беру саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

      39) лицензиаттардың қызметін, оның ішінде олардың қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келуін бақылайды;

      40) күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

      41) заңнамаға сәйкес екінші санаттағы рұқсат беруді жүргізеді (уәкілетті органның жеке күзет мекемесінде басшының және күзетші лауазымын атқаратын жұмысшыларды дайындау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу орындарын анықтау және ұлттық компаниялардың күзет ұйымдарын құру құқығын келісу);

      42) мемлекеттік күзетуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      43) мемлекеттік күзетуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      44) күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы ақпарат сұратады;

      45) мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді, сондай-ақ оларды күзету халықаралық келісімдерге сәйкес мемлекетке жүктелген объектілерді күзету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      46) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласында айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;

      47) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:

      рұқсат береді:

      жеке тұлғаларға марапаттық қару сақтауға және алып жүруге;

      заңды тұлғаларға:

      Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарына және "Мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымдары саяси мемлекеттiк қызметшiлерге жатқызылған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қызметтік қаруды (қысқа ұңғылы ойықты атыс қаруын) сақтауға және алып жүруге;

      48) аумақтық полиция органдарының үйлестіретін бөліністерінің үлгілік ережелерін және қызметкерлері мен жұмыскерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

      49) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындауды қамтамасыз етеді.

      19-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Комитеттің қызметкерлерін тағайындауға, ауыстыруға, лауазымнан босатуға ұсынады, сондай-ақ Министрліктің есеп-бақылаудағы лауазымдар номенклатурасына сәйкес аумақтық полиция органдары бөліністерінің басшыларын лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға келісім береді;";

      5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өз құзыреті шегінде Комитеттің құрылымдық бөліністері, сондай-ақ аумақтық полиция органдары жетекшілік ететін бөліністері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      6) Комитет қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын ұйымдастырады, олардың тәртіпті, заңдылықты, құпиялылық режимін сақтауын және кәсіби деңгейін арттыруын қамтамасыз етеді;

      21-тармақ алынып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның электрондық түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады