"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 18 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес;";

      55) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы ережеде:

      14-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) күзеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;";

      23) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:

      "24) ҚАЖ мекемелерінде режим, қадағалау, күзет және өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.".

      Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөліністердің тізбесінде:

      14-тармақ алып тасталсын;

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.";

      36-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Ж. Б. Ешмағамбетов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2022 жылғы "24" қаңтардағы
№ 18 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 1 қазандағы
№ 662 бұйрығына
36-қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (бұдан әрі – ҚАЖ комитеті) аумақтық бөлінісі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департаментке егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: индекс: 160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Майлы-Қожа көшесі, № 5 ғимарат.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлiк субъектiлерімен Департаменттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары

      13. Міндеттері:

      1) қылмыстық жазаларды орындауды және сотталғандарды, тергеу қамауындағыларды, күдіктілерді және айыпталушыларды ұстауды қамтамасыз ететін мекемелерге басшылық етуді жүзеге асыру;

      2) қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдар арасында тәрбие жұмысын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып ұйымдастыру;

      3) ҚАЖ мекемелеріндегі дайындалу және жасалу жолындағы қылмыстар мен жазаны орындаудың және қамауда ұстаудың белгіленген тәртібін бұзушылықты анықтауды, жолын кесуді, алдын алуды және ашуды ұйымдастыру;

      4) ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандарға, күдіктілерге және айыпталушыларға медициналық көмек ұйымдастыру;

      5) ҚАЖ мекемелерінде режим, қадағалау, күзетті қамтамасыз ету үшін бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ҚАЖ мекемелерінде өткізу режимін ұйымдастыру үшін бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      6) пробация қызметінің жұмысын жүзеге асыру;

      7) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) сотталғандарға қатысты соттың үкімдері мен қаулыларын орындайды, ҚАЖ мекемелерінің күзетін, тәртіпті сақтауын және жазасын өтеу жағдайын қамтамасыз етеді;

      2) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің және органдарының күзетін жүзеге асыру, ондағы жедел жағдайға бақылауды, персоналдың, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауіпсіздігін, олардың айдауылдануын қамтамасыз етеді;

      3) сотталғандарды босатылуға дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актілерін орындауды, сотталғандардың түзелу қорытындыларын бекіту бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуды, олардың тұрмыстық және жұмыспен қамтамасыз етеді;

      4) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті жүзеге асыратын мекемелерді, ұйымдарды құру және тарату туралы ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады;

      5) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарды орналастыруды ұйымдастырады;

      6) жазаны өтеу мен орындаудың тәртібі мен жағдайын реттейді;

      7) мекемеден қашқан сотталғандарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден бас тартқан сотталғандарға іздеу салуды жүзеге асырады;

      8) пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың тәртібін бақылау бойынша пробация қызметі мен полиция бөліністерінің өзара іс-қимыл жасасуын жүзеге асырады, қылмыстық-атқару қызметі саласында уәкілетті органмен анықталатын тәртіпте жүзеге асырады;

      9) сотпен шартты түрде сотталғандарға жүктелген міндеттердің орындалуына және сынақ мерзімі кезінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен олардың тәртібіне пробациялық бақылауды жүзеге асырады;

      10) соттың құрмет, әскери, арнайы және өзге де атақтарды, сыныптық шен, дипломатиялық дәреже және сыныптық біліктіліктерінен айыру бөлігінде үкімін орындайды;

      11) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырады;

      12) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      13) кадрлардың даярлығы мен оқуын ұйымдастырады, кадрлар қажеттілігін анықтайды;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұратады және алады;

      2) төтенше оқиғалар жағдайлары бойынша қызметтік тергеулер жүргізу, олардың себептерін анықтау және талдау, мұндай жағдайларды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;

      3) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді;

      4) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және сот үкімімен жүктелген міндеттерді орындауды талап етеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.

      17. Департамент бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі істер министрі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент бастығының өкілеттігі:

      1) өзiнiң орынбасарларының және Департамент құрылымдық бөліністері басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерін белгiлейдi;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Департаменттің мүддесін білдіреді;

      3) жазаларды орындау кезінде заңдылықтың сақталуын және адамдарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұстауды қамтамасыз етеді;

      4) Департамент және оған ведомстволық бағынысты мекемелер жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді;

      5) Департамент өкілеттігі шегінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету, жедел, режимдік, тәрбиелеу және өзге де қызметтер жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

      6) өз құзыреті шегінде Департаменттің құқық қорғау органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

      7) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін ҚАЖ органдары мен мекемелеріне практикалық көмек көрсету және олардың қызметіне тексеру жүргізу, басқа да қызметтік мәселелерді шешу үшін іссапарларға жібереді;

      8) қаланың қылмыстық-атқару жүйесі кадрларын іріктеуді, орналастыруды және оқытуды ұйымдастырады, Департаменттің, сондай-ақ жазаларды орындайтын және адамдарды ұстайтын мекемелердің жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті, заңдылықты және құпиялылық режимін және қызметтік даярлықты сақтауын ұйымдастырады;

      9) берілген құқықтар шегінде еңбек заңнамасына және құқық қорғау қызметі туралы заңнамаға сәйкес тәртіптік жазалар қолданады;

      10) заңнамаға және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жұмысқа қабылдауды жүзеге асырады, кезекті арнаулы атақ береді, тағайындау, босату, жұмыстан шығару бұйрықтарын шығарады, еңбек және қосымша демалыстарды береді;

      11) азаматтарды, сотталғандарды және тергеу қамауындағыларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен арыздарды қарайды, олар бойынша шешімдер қабылдайды;

      12) ҚАЖ қызметіне қатысты заңға тәуелді актілерге мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды, сондай-ақ оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      13) өтініште қойылған мәселелерді шешуге құзыретті тікелей мемлекеттік органдарға сотталғандардың өтініштерін жолдау бойынша ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;

      14) Департаменттің құрылымдық бөліністері туралы ережелерді және лауазымды адамдардың функционалдық міндеттерін бекітеді;

      15) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Департамент бастығы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады