"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы облыстық мәсихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелерін бекіту туралы" Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4781 болып тіркелген);
2) Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 "Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Алматы облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 тамыздағы № 24-117 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29076 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Қ. Байғоджаев |