Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, 88-бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 587-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 "Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқаулықтарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17560 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Алматы облысы мәслихатының 08.08.2022 № 24-117 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
2) 2-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
3) 3-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
4) 4-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
5) 5-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері;
6) 6-қосымшаға сәйкес Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері.
2. Алматы облыстық мәслихатының "Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемерін бекіту туралы" 2016 жылғы 1 шілдедегі № 5-34 (Нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3931 тіркелген, 2016 жылдың 26 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облыстық мәслихатының "Аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария мәселелері бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облыстық мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Т. Сарпеков |
Алматы облыстық | |
мәслихатының хатшысы | С. Дүйсембінов |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 1-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шайыр, ағаш шырындарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Теңге |
1 | Шайыр дайындау | центнер | 1000 |
гектар | 712,40 | ||
2 | Ағаш шырындарын дайындау | центнер | 800 |
гектар | 356,20 |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 2-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қосалқы сүрек ресурстарын дайындауға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы | Қабық, тоннаға айлық есептік көрсеткішпен | Бұтақтар, тоннаға айлық есептік көрсеткішпен | Түбiрлер, тоннаға айлық есептік көрсеткішпен | Тамырлар, тоннаға айлық есептік көрсеткішпен | Жапырақтар, тоннаға айлық есептік көрсеткішпен | Бүршiктер, килограммға айлық есептік көрсеткішпен |
1 | Қарағай | 0,021 | 0,042 | 0,0105 | 0,063 | 0,0315 | 0,021 |
2 | Шренк шыршасы | 0,027 | 0,054 | 0,0135 | 0,081 | 0,0405 | 0,027 |
3 | Сібір шыршасы, майқарағай | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,048 | 0,024 | 0,016 |
4 | Балқарағай | 0,015 | 0,03 | 0,0075 | 0,045 | 0,0225 | 0,015 |
5 | Самырсын | 0,023 | 0,046 | 0,0115 | 0,069 | 0,0345 | 0,023 |
6 | Ағаш тектес арша | 0,027 | 0,054 | 0,0135 | 0,081 | 0,0405 | 0,027 |
7 | Емен, шаған | 0,041 | 0,082 | 0,0205 | 0,123 | 0,0615 | 0,041 |
8 | Қара қандығаш, үйеңкі, шегіршін, жөке | 0,014 | 0,028 | 0,007 | 0,042 | 0,021 | 0,014 |
9 | Сексеуіл | 0,12 | 0,03 | 0,18 | 0,09 | 0,06 | |
10 | Қайың | 0,016 | 0,032 | 0,008 | 0,048 | 0,024 | 0,016 |
11 | Көктерек, ағаш тектес тал, терек | 0,011 | 0,022 | 0,0055 | 0,033 | 0,0165 | 0,011 |
12 | Грек жаңғағы, пісте | 0,035 | 0,07 | 0,0175 | 0,105 | 0,0525 | 0,035 |
13 | Өрік, ақ қараған, алша, долана, шие, жиде, шетен, алхоры, мойыл, тұт ағашы, алма ағашы, өзге де ағаш тұқымдастар | 0,023 | 0,046 | 0,0115 | 0,069 | 0,0345 | 0,023 |
14 | Арша, самырсын өскіні | 0,018 | 0,036 | 0,009 | 0,054 | 0,027 | 0,018 |
15 | Жыңғыл | 0,025 | 0,05 | 0,0125 | 0,075 | 0,0375 | 0,025 |
16 | Сары қараған, бұта тектес талдар, шырғанақ, жүзгін, шеңгел және өзге де бұталар | 0,012 | 0,024 | 0,006 | 0,036 | 0,018 | 0,012 |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 3-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жанама орман пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы |
Өлшем | Теңге | |
1 | Шабындық жерлер сапалық жай-күйі бойынша: | |||
жақсы | гектар | 308 | ||
қанағаттанарлық | гектар | 231 | ||
қанағаттанғысыз | гектар | 180 | ||
2 | Малдың 1 басын жаю үшін төлемақы: | Таулы табиғи аймақтар | Жартылай шөлейт және шөлейт табиғи аймақтар | |
түйе | бас | 169 | 158 | |
ірі қара мал | бас | 135 | 126 | |
жылқы | бас | 180 | 90 | |
ірі қара төлі | бас | 68 | 63 | |
есек | бас | 68 | 63 | |
ешкі | бас | 118 | 110 | |
қой | бас | 34 | 32 | |
3 | Марал шаруашылығы | гектар | 257 | |
4 | Аң шаруашылығы | гектар | 257 | |
5 | Ара ұяларын орналастыру | дана | 257 | |
6 | Көкөніс өсіру, бақша дақылдарын өсіру және өзге ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру | гектар | "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексiнiң 508-бабының 1-тармағына сәйкес, жер салықтарының деңгейінде белгіленеді | |
7 | Дайындау және жинау: | |||
қамыс | килограмм | 1 | ||
ши | килограмм | 2 | ||
шеңгел | килограмм | 10 | ||
мүк | килограмм | 106 | ||
орман төсеніштері және жерге түскен жапырақтар | құрастыру текше метр | 106 | ||
жабайы тұяқтылардың түскен мүйiздерi | килограмм | 212 | ||
мумие | килограмм | 170 | ||
| дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикізаттар (шөптер, гүлдер, жапырақтар, сабақтар және өскіндер, жемістер және жидектер, бүршiктер, тамырлар (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
Сарыбас шай қурай (шөп) | килограмм | 27 | ||
Кәдімгі адыраспан (шөп) | килограмм | 17 | ||
Кәдімгі киiкшөп (шөп) | килограмм | 27 | ||
Дәрілік түймедақ (гүл ) | килограмм | 42 | ||
Мыңжапырақ (шөп, гүл) | килограмм | 19 | ||
Ащы жусан (шөп, жапырағы) | килограмм | 18 | ||
Өгейшөп (гүл, жапырағы) | килограмм | 31 | ||
Түйетiкен (шөп) | килограмм | 25 | ||
Құс таран (шөп) | килограмм | 29 | ||
Бұрыш таран (шөп) | килограмм | 23 | ||
Кәдімгі сарысояу (шөп, тұқымы) | килограмм | 14 | ||
Дәрі түйежоңышқа (шөп) | килограмм | 11 | ||
Көке марал райхан (шөп) | килограмм | 32 | ||
Қосүйлі қалақай (жапырағы) | килограмм | 22 | ||
Түркістан сасық шөбі (шөп) | килограмм | 14 | ||
Үлкен бақажапырақ (жапырағы) | килограмм | 32 | ||
Кәдімгі түймешетен (гүл) | килограмм | 23 | ||
Дала қырықбуын (шөп) | килограмм | 22 | ||
Шөпшәй (шөп) | килограмм | 11 | ||
Үлкен сүйелшөп (жапырағы) | килограмм | 24 | ||
Салаубас (гүл) | килограмм | 74 | ||
Жебіршөп (шөп) | килограмм | 28 | ||
Күреңот (гүл) | килограмм | 47 | ||
Қазтамақ (шөп) | килограмм | 13 | ||
Қалың тұқымды ақмия (шөп) | килограмм | 13 | ||
Пармелия (шөп) | килограмм | 11 | ||
Сүмелек (шөбі) | килограмм | 18 | ||
Атқұлақ (шөп) | килограмм | 18 | ||
Дәрілік бақбақ (шөп) | килограмм | 36 | ||
Жатаған теміртікен (жапырағы) | килограмм | 45 | ||
Бәрпі уқорғасыны (тамыр) | килограмм | 29 | ||
Қарандыз (тамыр) | килограмм | 29 | ||
Жоңғар уқорғасыны (тамыр) | килограмм | 29 | ||
Түркістандық шүйгіні (тамыр) | килограмм | 24 | ||
Дәрі андышөп (тамыр) | килограмм | 43 | ||
Шұғынық (тамыр) | килограмм | 26 | ||
Шашыратқы (тамыр) | килограмм | 36 | ||
Сиырқұйрық (тамыр) | килограмм | 20 | ||
Қаражемiс (тамыр) | килограмм | 51 | ||
Көкшегүл (тамыр) | килограмм | 43 | ||
Патриния (тамыр) | килограмм | 24 | ||
Қызыл мия (тамыр) | килограмм | 20 | ||
Пияу (Баймур) (тамыр) | килограмм | 30 | ||
Шашақты бозтікен (тамыр) | килограмм | 26 | ||
Дәрілік бақбақ (тамыр) | килограмм | 36 | ||
тiзiмде көрсетiлмеген басқа өсімдектердің шөптері, гүлдері, жапырақтары, сабақтары және өскіндері, жемістері және жидектері, бүршiктері, тамырлары үшiн (қызылкiтаптықтан басқалары) | килограмм | 31 | ||
9 | жемiстер және жидектер (жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде): | |||
алма ерте пiсетiн | килограмм | 20 | ||
алма кеш пiсетiн | килограмм | 25 | ||
алмұрт | килограмм | 25 | ||
шетен | килограмм | 30 | ||
долана | килограмм | 30 | ||
шабдалы | килограмм | 15 | ||
өрiк | килограмм | 10 | ||
мойыл | килограмм | 10 | ||
қара өрiк | килограмм | 15 | ||
жиде | килограмм | 12 | ||
мүк жидегі | килограмм | 22 | ||
таңқурай | килограмм | 22 | ||
сиыр бүлдiрген | килограмм | 22 | ||
қарақат | килограмм | 23 | ||
бүрген | килограмм | 23 | ||
шеңгел | килограмм | 23 | ||
сарыағаш | килограмм | 27 | ||
қой бүлдiрген | килограмм | 22 | ||
сүйек бүлдірген | килограмм | 22 | ||
итмұрын | килограмм | 24 | ||
шырғанақ | килограмм | 27 | ||
тiзiмде көрсетiлмеген басқа жидектер үшiн | килограмм | 23 | ||
жаңғақтар | килограмм | 30 | ||
саңырауқұлақтар | килограмм | 100 |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 4-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атаулары | Өлшем бiрлiгi | Теңге |
1 | Мемлекеттiк орман қоры участкелерін аңшылық шаруашылығының қажетi үшін пайдалану | гектар | Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 508-бабының 2-тармағына сәйкес |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 5-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері
1-кесте |
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Айлық есептік көрсеткіште |
1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін қысқа мерзiмдi орман пайдалану | болған әрбір күн үшін | 0,1 |
2-кесте |
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Теңге |
1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін ұзақ мерзiмдi орман пайдалану | гектар | Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 508-бабының 2-тармағына сәйкес |
Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 шілдедегі № 34-175 шешіміне 6-қосымша |
Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристiк және спорттағы мақсаттар үшін пайдалануға арналған төлемақы мөлшерлемелері
№ | Атауы | Өлшем бiрлiгi | Теңге |
1 | Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сауықтыру, рекреациялық, мәдени-тарихи, туристiк және спорттық мақсаттар үшін пайдалану | гектар |
Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң |