Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымды қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 108 бұйрығына 1-қосымша |
Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымды қамтамасыз етудің заттай нормалары
1-тарау. Автомобиль көлігінің тиесілілік нормалары
Р/с № | Заттай норманың атауы | Автомобиль көлігінің функционалдық мақсаты | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрге дейінгі, жүріп өту мүмкіндігі жоғары жеңіл автомобиль | Жүйелік байқаулар үшін (барлық аймақтар үшін) | дана | 1 | 7 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – РФД және БӘО) әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына |
Мониторингтік жұмыстар үшін (солтүстік аймақ), оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
5 айға жалға алынған | дана | 3 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (шығыс аймақ), оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
5 айға жалға алынған | дана | 3 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (батыс аймақ), оның ішінде: | дана | 5 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
5 айға жалға алынған | дана | 4 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (оңтүстік аймақ), оның ішінде: | дана | 5 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
5 айға жалға алынған | дана | 4 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (орталық аймақ), оның ішінде: | дана | 2 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
5 айға жалға алынған | дана | 1 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (барлық аймақтар үшін), оның ішінде: | дана | 2 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір облыстық филиалына | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
жүріп өту мүмкіндігі жоғары тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
Қызметтік пайдалану үшін, оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО-ның орталық аппаратына | ||
қызметтік | дана | 1 | 7 | |||
оперативті | дана | 2 | 7 | |||
арнайы | дана | 1 | 7 |
Ескертпе:солтүстік аймаққа Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; шығыс аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Абай және Жетісу облыстарында орналасқан аудандар жатады; батыс аймаққа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; орталық аймаққа Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында орналасқан аудандар жатады; оңтүстік аймаққа Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан аудандар жатады.
5 айға жалға алынған автокөлік құралдарының саны және оларды жалға алу мерзімі нақты қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға және әрбір аймақта қосымша жалға алынған автокөлік құралдарына қажеттілікке байланысты аймақ ішінде және аймақтар арасында өзгереді.
2-тарау. Оптикалық аспаптардың, құрал-саймандар мен айлабұйымдардың тиесілілік нормалары
Р/с № | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Оптикалық аспаптар | |||||
2 | Монокуляр микроскопы | дана | 1 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
3 | Биологиялық стереоскопиялық микроскоп (бинокуляр) | дана | 1 | 7 | |
4 | Бағдарламалық қамтамтылыммен биологиялық микроскоп | дана | 1 | 7 | |
Құрал-саймандар мен айлабұйымдар | |||||
5 | Ұсақ жәндіктерді жинауға арналған аспиратор (эксгаустер) | дана | 1 | 1 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
6 | Түйрелген жәндіктерге арналған, өлшемі 27,5x22,5x50 сантиметр, энтомологиялық қорап | дана | 20 | 1 | |
7 | Өлшемі 23x13x8 сантиметр коллекциялық қорап | дана | 10 | 1 | |
8 | Бақша пышағы | дана | 3 | 1 | |
9 | Қалақша күрек | дана | 3 | 1 | |
10 | Жәндіктерді жоюға арналған сым тордан жасалған шарбақ | дана | 3 | 1 | |
11 | Сыпыртқы-щетка | дана | 3 | 1 | |
12 | Астық сынамасын алуға арналған сүңгі, қапшық түрінде | дана | 1 | 1 | |
13 | Қамба сүңгісі | дана | 1 | 1 | |
14 | Тік, хирургиялық скальпель | дана | 3 | 1 | |
15 | Бақша қайшысы | дана | 3 | 1 | |
16 | Ұсақ жәндіктерді түйреуге арналған № 00,0; жәндіктер жабыстырылған карантиндік пластиналарды № 1, 2, 3, 4 (әр нөмірді) түйреуге арналған энтомологиялық түйреуіш | дана | 10 | 1 | |
17 | Жәндіктерге арналған қозғалмалы түзеткіш | дана | 3 | 1 | |
18 | Өлшемі 12,3x8,5x2,5 сантиметр, жұмыс коллекциясына арналған мақта қабаты бар, беті шыны қорап | дана | 10 | 1 | |
19 | Өлшемі 20,4x15,3x2,5 сантиметр, жұмыс коллекциясына арналған мақта қабаты бар, беті шыны қорап | дана | 5 | 1 | |
20 | Электрлі қолшам | дана | 3 | 1 | |
21 | Гербарий жинайтын тор | дана | 1 | 1 | |
22 | Шөптесін өсімдіктерден жәндіктерді жинауға арналған бөзден жасалған энтомологиялық сүзекі | дана | 1 | 1 | |
23 | Жәндіктерді ағаштар мен талдардан сілкіп жинауға арналған, өлшемі 1,5x1,5 метр бөз мата | дана | 1 | 1 | |
24 | Зертханалық қалақша | дана | 1 | 1 | |
25 | Сынамалар мен үлгілерге арналған бөзден немесе полиэтиленнен жасалған, өлшемі 15x25 сантиметр және 20x30 сантиметр қапшық | дана | 100 | 1 | |
26 | Топырақ сынамасын алуға арналған бұрғы | дана | 1 | 1 | |
27 | Ұшы үшкір, екінші жағы жалпақ көз пинцет, ұзындығы 15 сантиметр | дана | 1 | 1 | |
28 | Пинцет, ұзындығы 25 сантиметр | дана | 1 | 1 | |
29 | Ұсақ жәндіктерді ұстауға арналған жұмсақ пинцет | дана | 1 | 1 | |
30 | Тот баспайтын болаттан жасалған, екі жақты дәріханалық шпатель, ұзындығы 16 сантиметр | дана | 1 | 1 | |
31 | Препаральды, энтомологиялық ине | дана | 10 | 1 | |
32 | Себуге арналған ілмек | дана | 10 | 1 | |
33 | Орташа, ұзындығы 15-18 сантиметр қайшы | дана | 3 | 1 | |
34 | Кішкентай, тік қайшы | дана | 1 | 1 | |
35 | Ыдыс жууға арналған ысқыш | дана | 2 | 1 | |
36 | Пластмассадан жасалған шпатель № 1 | дана | 1 | 1 | |
37 | Пробиркаларға арналған резеңке тығын | дана | 60 | 1 | |
38 | 0,5 литрге арналған полиэтилен тығын | дана | 60 | 1 | |
39 | 0,75 литрге арналған полиэтилен тығын | дана | 60 | 1 | |
40 | Дәріханалық, қабықтан жасалған, әртүрлі тығын | дана | 60 | 1 | |
41 | Үлкен, құрсақты тілуге арналған, өлшемі 160x50 миллиметр скальпель | дана | 1 | 1 | |
42 | Өлшемі 100x0,6 миллиметр, анатомиялық тік пинцет | дана | 1 | 1 | |
43 | Өлшемі 150x2,4 миллиметр, анатомиялық жалпы мақсатқа арналған пинцет | дана | 1 | 1 | |
44 | Өлшемі 250x2,4 миллиметр, анатомиялық, жалпы мақсатқа арналған пинцет | дана | 1 | 1 | |
45 | Тік үшкір, ұзындығы 100 миллиметр қайшы | дана | 1 | 1 | |
46 | Тік бір ұшы үшкір, ұзындығы 140 миллиметр қайшы | дана | 1 | 1 | |
47 | Зертханалық шпатель | дана | 1 | 1 | |
48 | Ағаш немесе металдан жасалған, пробиркаларға арналған штатив | дана | 1 | 1 | |
49 | Құйғышқа арналған штатив (10 дана) | дана | 1 | 1 | |
50 | Зертханалық штатив | Дана | 1 | 1 | |
51 | 100 пробиркаға арналған металл штатив | дана | 1 | 1 | |
52 | 40 пробиркаға арналған металл штатив | дана | 1 | 1 | |
53 | Пробиркаларды кептіруге арналған қазықтары бар штатив | дана | 1 | 1 | |
54 | Пипеткаға арналған штатив | дана | 1 | 1 | |
55 | Эмальданған шара | дана | 2 | 1 | |
56 | Мырышталған шелек | дана | 2 | 1 | |
57 | Жиналмалы метр | дана | 3 | 1 | |
58 | Спирттегішке арналған үштаған | дана | 1 | 1 | |
59 | Рулетка, ұзындығы 10 метр | дана | 1 | 1 | |
60 | Ұзындығы 170 мм, доғал ұшты тік қайшылар | дана | 1 | 1 | |
61 | Пробиркаларға арналған қысқыш баспақ | дана | 1 | 1 | |
62 | Спирттегіш | дана | 1 | 1 |
3-тарау. Зертханалық аспаптар мен ыдыстардың тиесілілік нормалары
Р/с | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жалпы зертханалық аспаптар | |||||
63 | Жарық аулағыш | дана | 1 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
64 | Тозаң аулағыш | дана | 1 | 7 | |
65 | Термостат | дана | 1 | 7 | |
66 | Астықтың залалдануын талдағыш | дана | 1 | 7 | |
67 | Зертханалық ыдысты кептіруге арналған құрылғы (термошкаф) | дана | 1 | 7 | |
68 | Автоматты түрде себу | дана | 1 | 7 | |
69 | Кенелерді және басқа да жәндіктерді анықтауға арналған оптикалық аспап | дана | 1 | 7 | |
70 | Кептіргіш шкаф | дана | 1 | 7 | |
71 | Талдамалық зертханалық таразы | дана | 1 | 7 | |
72 | Электронды таразы | дана | 1 | 7 | |
73 | Таразы тастары | дана | 1 | 7 | |
74 | Инспектордың жылжымалы жиынтығы | дана | 3 | 7 | |
75 | Дүрбі | дана | 3 | 7 | |
76 | Топырақ елеуіш | дана | 1 | 7 | |
77 | Тұқым өсіретін ыдыс | дана | 1 | 7 | |
78 | Циста бөлгіш | дана | 1 | 7 | |
79 | Зертханалық аралас монша | дана | 1 | 7 | |
80 | Пробиркаларға арналған жуғыш үстел машинасы | дана | 1 | 7 | |
81 | Астық елеуіш | дана | 1 | 7 | |
82 | Қызылша елеуіш | дана | 1 | 7 | |
83 | Горяев камерасы | дана | 1 | 7 | |
84 | Дистиллятор | дана | 1 | 7 | |
85 | Феромонды аулағыш | дана | 100 | 1 | |
Зертханалық ыдыс | |||||
86 | Өлшемі 60 х15 миллиметр, энтомологиялық, жалпақ түпті және арамшөптердің тұқымдарына арналған пробирка | дана | 50 | 3 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық және облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
87 | Өлшемі 40 х15 миллиметр, энтомологиялық, жалпақ түпті және арамшөптердің тұқымдарына арналған пробирка | дана | 50 | 3 | |
88 | Өлшемі 30 х 10 миллиметр, энтомологиялық, жалпақ түпті және арамшөптердің тұқымдарына арналған пробирка | дана | 50 | 3 | |
89 | Центрифугалық пробирка | дана | 50 | 3 | |
90 | Химиялық пробирка | дана | 14 | 3 | |
91 | Өлшемі 0,8 х 4,2 сантиметр пробирка | дана | 14 | 3 | |
92 | Өлшемі 1,0 х 5,0 сантиметр пробирка | дана | 50 | 3 | |
93 | Диаметрі 7 сантиметр сағат тәрізді шынылар | дана | 5 | 3 | |
94 | Диаметрі 10 сантиметр Петри тостағаны | дана | 20 | 3 | |
95 | Диаметрі 5 сантиметр Кох тостағаны | дана | 20 | 3 | |
96 | Сыйымдылығы 50 миллилитр шыны химиялық стакан | дана | 50 | 3 | |
97 | Сыйымдылығы 100 миллилитр шыны химиялық стакан | дана | 20 | 3 | |
98 | Сыйымдылығы 500 миллилитр шыны химиялық стакан | дана | 20 | 3 | |
99 | Сыйымдылығы 100 миллилитр Эрленмейер колбасы | дана | 10 | 3 | |
100 | Сыйымдылығы 100 миллилитр өлшеуіш цилиндр | дана | 5 | 3 | |
101 | Сыйымдылығы 250 миллилитр өлшеуіш цилиндр | дана | 5 | 3 | |
102 | Сыйымдылығы 500 миллилитр өлшеуіш цилиндр | дана | 5 | 3 | |
103 | Сыйымдылығы 1000 миллилитр өлшеуіш цилиндр | дана | 10 | 3 | |
104 | Сыйымдылығы 50 миллилитр түтікті пипеткасы бар тамшылатқыш | дана | 10 | 3 | |
105 | Көзге арналған пипетка | дана | 5 | 3 | |
106 | Сыйымдылығы 0,1 литр кептелген тығыны бар банка | дана | 10 | 3 | |
107 | Сыйымдылығы 0,25 литр кептелген тығыны бар банка | дана | 10 | 3 | |
108 | Сыйымдылығы 0,5 литр кептелген тығыны бар банка | дана | 10 | 3 | |
109 | Сыйымдылығы 3,0 литр кептелген тығыны бар банка | дана | 10 | 3 | |
110 | Сыйымдылығы 0,1 литр кептелген қақпағы бар эксикатор | дана | 1 | 3 | |
111 | Сыйымдылығы 3,0 литр кептелген қақпағы бар эксикатор | дана | 1 | 3 | |
112 | Сыйымдылығы 5,0 литр кептелген қақпағы бар эксикатор | дана | 1 | 3 | |
113 | Спиртті және басқа сұйықтықтарды сақтауға арналған кептелген тығыны бар шыны ыдыс | дана | 10 | 3 | |
114 | Диаметрі 30 сантиметр қалың шыныдан жасалған кристаллизатор | дана | 1 | 3 | |
115 | Сыйымдылығы 0,75 литр тар мойынды, жалпақ түпті колба | дана | 6 | 3 | |
116 | Сыйымдылығы 250 миллилитр, 5 миллиметрден бөлінген мензурка | дана | 1 | 3 | |
117 | Сыйымдылығы 5 миллилитр фарфор тигель | дана | 1 | 3 | |
118 | Сыйымдылығы 10 миллилитр фарфор тигель | дана | 1 | 3 | |
119 | Сыйымдылығы 50 миллилитр парафинге және қайнатуға арналған тигель | дана | 1 | 3 | |
120 | Диаметрі 15 сантиметр келсабы бар фарфор ұнтақтағыш | дана | 1 | 3 | |
121 | Өлшемі 75х25х1,2 миллиметр шеті тегістелген төсеніш шыны | дана | 10 | 3 | |
122 | Шұңқыры бар төсеніш шыны | дана | 10 | 3 | |
123 | Өлшемі 18х18 миллиметр жабын шыны | дана | 10 | 3 | |
124 | Өлшемі 24х24 х0,18 миллиметр жабын шыны | дана | 10 | 3 | |
125 | Диаметрі 10 сантиметр шыны құйғыш | дана | 1 | 3 | |
126 | Оптикаға арналған шыны қалпақ | дана | 1 | 3 | |
127 | Шыны таяқша | дана | 1 | 3 | |
128 | Сыйымдылығы 100 миллилитр тар мойынды шыны ыдыс | дана | 1 | 3 | |
129 | Сыйымдылығы 250 миллилитр тар мойынды шыны ыдыс | дана | 1 | 3 | |
130 | Сыйымдылығы 500 миллилитр тар мойынды шыны ыдыс | дана | 1 | 3 | |
131 | Сыйымдылығы 1000 миллилитр тар мойынды шыны ыдыс | дана | 1 | 3 | |
132 | Буландыруға арналған фарфор тостаған | дана | 1 | 3 | |
133 | Сыйымдылығы 25 миллилитр қалың қабырғалы кептелген қақпағы бар немесе ветеринариялық бюкс | дана | 2 | 3 | |
134 | Сыйымдылығы 50 миллилитр қалың қабырғалы кептелген қақпағы бар немесе ветеринариялық бюкс | дана | 2 | 3 | |
135 | Жәндіктерге арналған қабықтан жасалған тығыны бар морилка | дана | 2 | 3 | |
136 | Сыйымдылығы 1 литр кептелген тығыны бар шыны цилиндр | дана | 2 | 3 | |
137 | Сыйымдылығы 2 литр кептелген тығыны бар шыны цилиндр | дана | 2 | 3 | |
138 | Сыйымдылығы 0,5 литр кептелген тығыны бар шыны цилиндр | дана | 2 | 3 | |
139 | Төсеніш шыныларды сақтауға арналған планшет | дана | 1 | 3 |
4-тарау. Өндірістік және шаруашылық қажеттіліктің химиялық реактивтерінің және басқа даматериалдардың тиесілілік нормалары
Р/с | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Өндірістік және шаруашылық қажеттіліктің химиялық реактивтері | |||||
140 | Агар-агар | килограмм | 0,5 | 1 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
141 | Спирт | литр | 5 | 1 | |
142 | Формалин 40 % | литр | 4 | 1 | |
Материалдар | |||||
143 | Сүзгі қағаз | килограмм | 20 | 1 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
144 | Мақта | килограмм | 1 | 1 | |
145 | Дәке | метр | 10 | 1 | |
146 | Клеенка | шаршы метр | 10 | 1 |
5-тарау. Цифрлық, коммуникациялық және өзге де қосымша жабдықтардың, оның ішінде бағдарламалық қамтылымның тиесілілік нормалары
Р/с | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
147 | GPS навигатор | дана | 1 | 7 | РФД және БӘО-ның орталық аппаратының, қалалық, облыстық және аудандық филиалының әрбір басшысына, маманына, зертханашысына |
148 | Планшеттер | дана | 1 | 7 | РФД және БӘО-ның орталық аппаратының, қалалық, облыстық және аудандық филиалының әрбір басшысына, маманына, зертханашысына |
149 | Геоақпараттық жүйе | қызмет | 1 | жоқ | РФД және БӘО-ның орталық аппаратына, облыстық және аудандық филиалына |
150 | Пилотсыз ұшу аппараты (дрон) | дана | 23 | РФД және БӘО-ның әрбір облыстық филиалына, оның ішінде: | |
151 | дана | 1 | 7 | Ақмола облысы | |
152 | дана | 3 | 7 | Ақтөбе облысы | |
153 | дана | 1 | 7 | Алматы облысы | |
154 | дана | 1 | 7 | Атырау облысы | |
155 | дана | 1 | 7 | Шығыс Қазақстан облысы | |
156 | дана | 2 | 7 | Жамбыл облысы | |
157 | дана | 1 | 7 | Батыс Қазақстан облысы | |
158 | дана | 1 | 7 | Қарағанды облысы | |
159 | дана | 1 | 7 | Қызылорда облысы | |
160 | дана | 3 | 7 | Қостанай облысы | |
161 | дана | 1 | 7 | Маңғыстау облысы | |
162 | дана | 1 | 7 | Павлодар облысы | |
163 | дана | 1 | 7 | Солтүстік Қазақстан облысы | |
164 | дана | 1 | 7 | Түркістан облысы | |
165 | дана | 1 | 7 | Абай облысы | |
166 | дана | 2 | 7 | Жетісу облысы | |
167 | дана | 1 | 7 | Ұлытау облысы |
6-тарау. Жабдықтар мен жорық мүкәммалының тиесілілік нормалары
Р/с | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
168 | Тоңазытқыш | дана | 1 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшесіне |
169 | Палатка | дана | 1 | 7 | |
170 | Резеңке қайық | дана | 1 | 7 | |
171 | Термосөмкелер | дана | 1 | 1 | Әрбір зерттеуші үшін |
7-тарау. Карантиндік объектілерді және аса қауіпті зиянды организмдерді анықтау жөніндегі зерттеп-қарау жұмыстарына арналған нормалар
Р/с | Зиянкестің және аурудың түрі | Зерттеп-қарау жұмысының сатысы | Өлшем бірлігі | Бір зерттеушіге бір жұмыс күніне арналған норма | Таралу саласы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
172 | Америкалық ақ көбелек | бірінші, екінші жастағы құрттары бар бірлі-жарым ұялардың пайда болу кезеңі | гектар | 4 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесіне |
173 | Шығыс жеміс жемірі | құрттар бойынша | гектар | 3 | |
174 | Қауын шыбыны | дернәсілдер бойынша | гектар | 5 | |
175 | Батыс гүл трипсі | вегетация кезеңінде | гектар | 1,5 | |
176 | Картоптың алтын түстес жұмырқұрты | вегетация кезеңінде | гектар | 5 | |
177 | Батыс жүгері қоңызы | вегетация кезеңінде | гектар | 5 | |
178 | Калифорниялық қалқаншалы сымыр | дернәсіл, имаго (ірі алаптарда) | ағаш | 150 | |
дернәсіл, имаго (үй жанындағы учаскелерде) | ағаш | 120 | |||
179 | Карантиндік арамшөптер | жертаған жапырақтары өскеннен гүлденуге дейін, жаппай зерттеп-қарау | гектар | 200 | |
конверттік тәсілмен зерттеп-қараған кезде | гектар | 500 | |||
180 | Картоп күйесі | вегетация кезеңінде, гүлдеу алдында, жинау алдында | гектар | 5 | |
181 | Жұпсыз жібек көбелегі (азиалық кіші түрі) | құрттар бойынша, жұмыртқа жайлаған бойынша | гектар | 5 | |
182 | Жеміс ағаштарының күйігі | көктемде,күзде | гектар | 3 | |
183 | Қара мұртты қоңыздың түрлері, азиялық мұртты қоңыз | вегетация кезеңінде | гектар | 10 | |
184 | Картоптың қатерлі ісігі | вегетация кезеңінде | гектар | 5 | |
185 | Комсток сымыры | имаго, дернәсіл, жұмыртқа жайлаған, ірі алаптарда | ағаш | 250 | |
үй жанындағы учаскелерде | ағаш | 200 | |||
186 | Төрт нүктелі дән қоңызы | вегетация кезеңінде | гектар | 15 | |
187 | Астық дақылдарының аурулары | жаздық зерттеп-қарау | гектар | 800 | |
188 | Мақта зиянкестері | 1-зерттеп-қарау (өрмекші кене) | гектар | 120 | |
2-зерттеп-қарау (өрмекші кене және мақта көбелегі) | гектар | 120 | |||
3-зерттеп-қарау (өрмекші кене және мақта көбелегі) | гектар | 120 | |||
189 | Гессен шыбыны | пупари бойынша (көктем, күз) | гектар | 800 | |
жұмыртқа салу бойынша (жазда) | гектар | 800 | |||
190 | Зиянды бақашық қандала | қыстап шыққан және қыстайтын қандалалар бойынша | гектар | 400 | |
жазда дернәсілдер бойынша | гектар | 800 | |||
191 | Колорадо қоңызы | вегетация кезеңінде | гектар | 40 | |
192 | Тышқан тәрізді кеміргіштер | санын есепке алу бойынша жаздық зерттеп-қарау | гектар | 500 | |
193 | Шегіртке тектес зиянкестер | күбіршектер бойынша (көктем, күз) | гектар | 400 | |
дернәсілдер бойынша, шағылысу және жұмыртқа салу кезеңінде | гектар | 900 | |||
194 | Дәннің сұр көбелегі | қыстап шыққан және қыстайтын құрттар бойынша (көктем, күз) | гектар | 400 | |
масақ ору кезінде (жазда) | гектар | 1200 | |||
195 | Сарышұнақтар | індерін санау | гектар | 500 | |
196 | Астық қоңыздары | қоңыздар бойынша жаздық зерттеп-қарау | гектар | 800 | |
дернәсілдер бойынша күздік зерттеп-қарау | гектар | 400 | |||
197 | Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі | көбелектер және құрттар бойынша | гектар | 7 | |
198 | Сібір жібек көбелегі | құрттар және жұмыртқа салу бойынша | гектар | 5 | |
199 | Қоңыр-мәрмәр қандала | вегетациялық кезенде | гектар | 4 | |
200 | Дәнді және майлы дақылдар егістігі | вегетациялық кезенде | гектар | 200 | |
201 | Қырыққабат күйесі | құрттардың I, II, III ұрпағы бойынша, көбелек бойынша | гектар | 120 | |
202 | Арамшөптер | арамшөптердің өсуі кезеңінде егістерді көктемгі-жаздық және жаздық-күздік зерттеп-қарау | гектар | 500 | |
203 | Картоп зебра чипі | вегетациялық кезенде | гектар | 5 | |
204 | Қызанақтардың вирустық аурулары: жылыжай | вегетациялық кезенде | гектар | 5 | |
205 | Ашық жер | вегетациялық кезенде | гектар | 5 |
8-тарау. Кеңсе үй-жайының тиесілілік нормалары
Р/с | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Үй-жай алаңы | Таралу саласы |
206 | Басшының кабинеті | шаршы метр | 25 | РФД және БӘО-ның әрбір облыстық филиалына және орталық аппаратына |
207 | Басшы орынбасарының кабинеті | шаршы метр | 20 | |
208 | Басшының кабинеті | шаршы метр | 20 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық және қалалық филиалына |
209 | Басшының қабылдау бөлмесі | шаршы метр | 10 | РФД және БӘО-ның орталық аппаратына |
210 | Жұмыскердің кабинеті (бір жұмыскерге) | шаршы метр | 7,5 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне |
211 | Ортақ үй-жайлар ( мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірмесі, серверлік, жабдықтарға, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтарына арналған қоймалар) | шаршы метр | жиынның 25%-і | РФД және БӘО-ның әрбір облыстық филиалына және орталық аппаратына |
212 | Ортақ үй-жайлар ( мәжіліс залы, мұрағат, көбейту-көшірмеі, серверлік, жабдықтарға, мүкәммал мен кеңсе керек-жарақтарына арналған қоймалар) | шаршы метр | жиынның 20%-і | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық және қалалық филиалына |
213 | Қосалқы үй-жайлар (дәліздер, желдеткіш камералары, дәретханалар, жеке гигиенаға арналған үй-жайлар) | шаршы метр | жиынның 20%-і | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық, қалалық, облыстық филиалына және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне |
9-тарау. Жұмыскерлерді арнайы киіммен және басқа да жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету нормалары
Р/с | Арнайы киім мен аяқ киімнің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) | Таралу саласы |
214 | Мақта-матадан тігілген бас киім (кепи) | дана | 1 | 1 | РФД және БӘО-ның аудандық, қалалық, облыстық филиалының және орталық аппарат құрылымдық бөлімшенің әрбір штаттық мамандарына |
215 | Шаң жұқтырмайтын сіңдірілген мақта-матадан тігілген костюм (күртеше мен шалбар) | жинақ | 1 | 2 | |
216 | Жұмыс аяқ киімі (бәтеңке) | жұп | 1 | 3 | |
217 | Әмбабап, жұмыс қолғаптары | жұп | 1 | 1 | |
218 | Газаэрозолды респиратор | дана | 1 | тозғанға дейін | |
219 | Мақта-матадан жасалған бас киімі бар медициналық халат (қалпақ) | жинақ | 1 | 1 | РФД және БӘО-ның аудандық, қалалық, облыстық филиалының және орталық аппараттың құрылымдық бөлімшенің зертханашылары мен мамандарына |
220 | Медициналық резеңке қолғаптар | жұп | 246 | 1 | |
221 | Тоқыма емес материалдан жасалған үш қабатты маска, бір рет қолданылады | дана | 984 | 1 |
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі № 108 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11810 болып тіркелген).
2. "Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 445 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19786 болып тіркелген).
3. "Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 13 ақпандағы № 58 бұйрығы.