БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-07/572 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11810 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 7 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Автомобиль көлігінің тиесілілік нормалары
р/с | Заттай норманың атауы | Автомобиль көлігінің функционалдық мақсаты | Өлшем бірлігі | Саны | Пайдалану мерзімі (жыл) |
Таралу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрге дейінгі, жүріп өту мүмкіндігі жоғары жеңіл автомобиль көлігі | Жүйелі түрде бақылау жасау үшін (барлық аймақтар үшін) | дана | 1 | 7 | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РФД және БӘО) әрбір аудандық филиалы үшін |
Мониторингтік жұмыстар үшін (солтүстік аймақ), оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
3 айға жалға алынған | дана | 3 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (шығыс аймақ), оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
7 айға жалға алынған | дана | 1 | ||||
3 айға жалға алынған | дана | 2 | ||||
Мониторингтік жұмыстар (батыс аймақ), оның ішінде: | дана | 5 | 7 | РФД және БӘО-ның әрбір аудандық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
7 айға жалға алынған | дана | 1 | ||||
3 айға жалға алынған | дана | 3 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (оңтүстік аймақ), оның ішінде: | дана | 5 | 7 | РФД және БӘО әрбір аудандық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
7 айға жалға алынған | дана | 1 | ||||
3 айға жалға алынған | дана | 3 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (орталық аймақ), оның ішінде: | дана | 2 | 7 | РФД және БӘО әрбір аудандық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
3 айға жалға алынған | дана | 1 | ||||
Мониторингтік жұмыстар үшін (барлық аймақтар үшін), оның ішінде: | дана | 2 | 7 | РФД және БӘО әрбір облыстық филиалы үшін | ||
тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
жүріп өту мүмкіндігі жоғары, тұрақты | дана | 1 | 7 | |||
Қызметтік пайдалану үшін, оның ішінде: | дана | 4 | 7 | РФД және БӘО орталық аппараты үшін | ||
қызметтік | дана | 1 | 7 | |||
жедел | дана | 2 | 7 | |||
арнайы | дана | 1 | 7 |
"Ескертпе: солтүстік аймаққа Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; шығыс аймаққа Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында орналасқан аудандар жатады; батыс аймаққа Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан аудандар жатады; орталық аймаққа Қарағанды облысында орналасқан аудандар жатады; оңтүстік аймаққа Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында орналасқан аудандар жатады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Оптикалық аспаптардың және басқа құралдар мен құрылғылардың тиесілілік нормалары";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Зертханалық аспаптар мен ыдыстардың тиесілілік нормалары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Химиялық реактивтердің және басқа өндіріске және шаруашылыққа қажетті материалдардың тиесілілік нормалары";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Қосымша жабдықтың тиесілілік нормалары";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:
"
7 | Планшеттер | дана | 1 | 7 | "РФД және БӘО" орталық аппаратының, облыстық және аудандық филиалдарының әр басшысына, маманына және лаборанты үшін |
8 | Геоақпараттық жүйе |
көрсетілетін | 1 | жоқ | РФД және БӘО-ның орталық аппаратына, облыстық және аудандық филиалы үшін |
"; |
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Жабдықтың тиесілілік нормалары";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Карантиндік объектілерді және ерекше қауіпті зиянды организмдерді анықтау жөніндегі тексеру жұмыстарына арналған нормалар";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 26 және 27-жолдармен толықтырылсын:
"
26 | Оңтүстік Америкалық қызанақ күйесі |
көбелектер бойынша және құрттар | гектар | 7 | |
27 | Сібір жібек көбелегі | құрттар бойынша және жұмыртқа салымдары бойынша | гектар | 5 |
". |
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі