Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжат бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 158-н/қ бұйрығымен бекітілген |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжат
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мұнай өнімдерін өндірушілер үшін технологиялық регламентті әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі осы нормативтік-техникалық құжат (бұдан әрі – Нормативтік-техникалық құжат) мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту кезінде қолданылады.
2. Осы Нормативтік-техникалық құжат мұнай өнімдерін өндірушілердің қолданыстағы, кеңейтілетін, реконструкцияланатын және пайдалануға жаңадан енгізілетін өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламенттеріне (бұдан әрі – ТР) қолданылады.
3. Осы Нормативтік-техникалық құжатта мынадай нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар пайдаланылады:
1) "Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының 013/2011 Мемлекетаралық стандарты – техникалық регламенті;
2) "Кеден одағындағы санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1024 қаулысымен бекітілген "Мұнай мен газ өңдеудің" ең үздік қолжетімді техникалары жөніндегі анықтамалығы;
4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 171 бұйрығымен бекітілген Өндіріс паспортын, өндіріс паспортының нысанын бекіту және кері қайтарып алу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10616 болып тіркелген);
5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-70 бұйрығымен бекітілген Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілетін шекті шоғырлануы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29011 болып тіркелген);
7) Қазақстан Республикасының құрылысында басшылыққа алатын құжат ҚР ҚБҚ 1.03-05-2011 "Өнеркәсіптік объектілердің технологиялық жабдықтарын іске қосу-баптау жұмыстары";
8) МЕМСТ 12.1.007-76 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктелуі және жалпы қауіпсіздік талаптары" мемлекетаралық стандарты.
4. Осы Нормативтік-техникалық құжатта жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарға, жобалау құжаттамасына, мұнай өнімдерін өндіретін кәсіпорындардағы технологиялардың лицензиарларының және жабдықтарды (аппараттарды) шығарушы зауыттардың нұсқаулықтары мен ұсынымдарына сәйкес мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) авария – ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қоршаған ортаға қауіпті заттардың шығарылуы;
2) инцидент – қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың аварияға алып келмеген істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процесті жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;
3) объектіні пайдалануға қабылдау актісі – бекітілген жобаға және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық дайындығын растайтын құжат;
4) технологиялық блок – аралас аппаратурада немесе жүйеде аварияның дамуына алып келетін режимнің қауіпті өзгерістерінсіз технологиялық жүйеден белгіленген уақытта ажыратылуы (оқшаулануы) мүмкін аппарат немесе (ең аз саны бар) аппараттар тобы.
5) технологиялық регламент – сапа көрсеткіштері стандарттардың талаптарына сай келетін дайын өнім алуды қамтамасыз ететін өндірісті жүргізу әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық процесті жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейтін, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуді белгілейтін кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты;
5. ТР ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға сәйкес келетін сапалы өнімді алу үшін өндірістің (технологиялық қондырғының, блоктың және учаскенің) ұтымды, үнемді және авариясыз жұмыс істеуіне бағытталған.
2-тарау. Технологиялық регламенттердің түрлері мен әрекет ету кезеңі, оларды әзірлеу, бекіту, тарату және сақтау
6. ТР жеке технологиялық процеске, процестің сатысына (блогына), технологиялық қондырғыларға, өнімнің жекелеген түрлерін немесе технологиялық процесі бойынша бір типтегіөнімдер тобын өндіруге әзірленеді.
Мұнай өнімдерін өндірушілердің кеңейтілетін және реконструкцияланатын, сондай-ақ жаңадан енгізілетін объектілеріне (қондырғыларына) ТР жаңартылады, әзірленеді және өндірістерді (объектілерді) пайдалануға қабылдағанға дейін бекітіледі.
ТР мұнай өнімдерін өндірушінің технологиялық объектілерін іске қосқанға және пайдалануға енгізгенге дейін бекітіледі.
Өндірістерді (объектілерді) пайдалануға қабылдағанға дейін ҚР ҚБҚ 1.03-05-2011. Өнеркәсіптік объектілердің технологиялық жабдықтарын іске қосу-баптау жұмыстары деген құрылыста басшылыққа алатын құжатқа сәйкес іске қосу-баптау құжаттамасы және уақытша пайдалану құжаттамасы қолданылады.
7. Жұмыс істеп тұрған өндірістердің (технологиялық қондырғылардың) TP қолданылу кезеңі – 5 жыл. Қолданыстағы ТР-ға өзгерістер мен толықтырулар осы Нормативтік-техникалық құжаттың 21-тармағында көзделген тәртіппен енгізіледі.
8. ТР әзірлеуді, ресімдеуді, қайта қарауды, келісуді және бекітуді, есепке алуды, тіркеуді және түпнұсқасын сақтауды мұнай өнімдерін өндірушінің техникалық бөлімі ұйымдастырады. ТР өндіріске (технологиялық қондырғыларға) жобалық құжаттаманы әзірлейтін әзірлеушімен келісіледі.
ТР есепке алу және тіркеу ТР беруді есепке алу журналында жүзеге асырылады. ТР түпнұсқалары техникалық бөлімде сақталады, ТР көшірмелері жұмыс істеп тұрған өндіріске (технологиялық қондырғыларға) беріледі, қолданыстағы және қайта қаралған ТР түпнұсқаларын сақтау мерзімі – тұрақты.
3-тарау. Технологиялық регламенттің құрылымы
9. ТР титулдық парақтан, беттерінің нөмірлері көрсетіле отырып, барлық бөлімдер мен кіші бөлімдердің атауларын қамтитын мазмұнынан және негізгі бөлімнен тұрады.
Өндірісті (технологиялық қондырғыларды) пайдалануға арналған ТР титулдық парағы осы Нормативтік-техникалық құжатқа 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
TP-ға ХХ-ХХХ-20ХХ деген белгілеу беріледі, мұндағы:
1) ХХ – құрылымдық бөлімшенің коды;
2) ХХХ – реттік тіркеу нөмірі;
3) 20ХХ – ТР шығарылған және оны қолданысқа енгізген жылы.
ТР мәтіндік бөлігі А4 форматындағы парақтарға ресімделеді.
ТР негізгі бөлігі мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) Өндірістік объектінің жалпы сипаттамасы. Технологиялық процестің мақсаты;
2) Бастапқы шикізаттың, материалдардың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдер мен өнімдердің сипаттамасы;
3) Өндірістік объектінің технологиялық процесінің және технологиялық схемасының сипаты;
4) Технологиялық режим нормалары;
5) Технологиялық процесті және өнім сапасын аналитикалық бақылау;
6) Қалыпты жағдайлар кезінде өндірістік объектіні іске қосу мен тоқтатудың негізгі ережелері, қысқы уақытта тоқтату және іске қосу ерекшеліктері;
7) Өндірісті қауіпсіз пайдалану;
8) Өнім өндіру кезінде пайда болатын қалдықтар, сарқынды сулар, ауаға түсетін шығарындылар, оларды кәдеге жарату және қайта өңдеу әдістері;
9) Технологиялық жабдықтардың, реттегіш және сақтандырғыш клапандардың қысқаша сипаттамасы;
10) Қажетті нұсқаулықтардың тізбесі;
11) Өндірістің технологиялық схемасы (графикалық бөлігі).
12) Танысу парағы;
13) Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы;
Мұнай өнімдерін өндірушінің қалауы бойынша ТР-ға өзге де бөлімдер қосылуы мүмкін.
4-тарау. Технологиялық регламент бөлімдерінің мазмұны
10. "Өндірістік объектінің жалпы сипаттамасы. Технологиялық процестің мақсаты" бөлімі өндірістік объектінің толық атауын, технологиялық процестердің мақсатын, өндірістік объектінің жалпы құрамын, технологиялық процесті әзірлеген ғылыми-зерттеу немесе жобалау ұйымының атауын және жобаны орындаған бас жобалаушыны қамтиды.
11. "Бастапқы шикізаттың, материалдардың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдердің, өндірілетін өнімнің сипаттамасы" бөлімі осы Нормативтік-техникалық құжатқа 2-қосымшаға сәйкес кесте түрінде шикізат, материалдар, реагенттер, катализаторлар, өнімдер бойынша ақпаратты, сондай-ақ олардың сапа нормаларын қамтиды.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мұнай өнімдері кестеде осы Нормативтік-техникалық құжаттың 13-тармағына сәйкес "Технологиялық процестің және технологиялық схеманың сипаты" бөлімінде көрсетілген тиісті технологиялық процестер болған кезде көрсетіледі.
12. Шикізаттың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің өрт-жарылыс қаупі мен уыттылығы тұрғысынан алғандағы қасиеттері осы Нормативтік-техникалық құжаттың 16-тармағына сәйкес "Өндірісті қауіпсіз пайдалану" бөлімінде көрсетіледі.
13. "Технологиялық процестің және технологиялық схеманың сипаты" бөлімінде:
1) технологиялық процестің теориялық негіздері, негізгі реакциялар, реакциялардың негізгі параметрлері, реакциялардың жылу әсерлері, катализаторлар;
2) ТР-ға графикалық қосымша болып табылатын технологиялық процестің схемасына қатаң сәйкестіктегі технологиялық процестің сипаты;
3) процестің негізгі технологиялық параметрлерін (температураны, қысымды, шығысты), процеске қатысатын және технологиялық схеманың құрамына енгізілген негізгі жабдықтарды көрсете отырып, шикізаттың түсуінен бастап технологиялық процестің сатылары бойынша технологиялық схеманың сипаты;
4) бақылаудың, бұғаттаудың және автоматтандырудың негізгі схемалары. Олардың сипаты нақты, қысқа және бір мәнді болуы тиіс, технологиялық процестің сипаты барысында және бақылау аспаптары позицияларының нөмірлерін және реттеу контурларын көрсете отырып, бақылау аспаптары мен автоматтандыру құралдарының функционалдық мақсаты олардың типтерімен жұмыс істеу қағидатын көрсетпей келтірілуі тиіс;
5) сақтандырғыш клапандардан, алау жүйесінен шығару схемасының сипаты (алау желісіндегі қысымды, дренаж жүйесі схемаларын, өндірістік объектіні энергия ресурстарымен жабдықтауды көрсете отырып);
6) қайталама энергия ресурстарын кәдеге жарату есебінен алынатын буды немесе ыстық суды өндіру және параметрлері;
7) кәдеге жарату жабдығынан (кәдеге жарату қазандықтары, ауа жылытқыштар, экономайзерлер) кейін шығатын газдардың температурасы келтіріледі.
Ұлттық және мемлекетаралық стандарттарға сәйкес келетін мұнай өнімдерін өндіру кезінде:
1) К-4 және К-5 экологиялық класты автомобиль бензиндерін өндіру кезінде (құрамында азот бар, оттегі бар, күкірті бар заттардан тазарту және октан санын арттыру үшін) – бензин фракциясын гидротазалау, нафтаны изомерлеу және (немесе) тікелей айдалған бензинді каталитикалық риформингтеу және (немесе) ауыр қалдықтарды каталитикалық крекингтеу;
2) РТ, ТС-1, Jet А-1 авиаотындарын өндіру кезінде – керосин фракциясын гидротазалау;
3) К-4, К-5 экологиялық кластағы жазғы, қысқы және маусымаралық дизель отынын өндіру кезінде – дизель фракциясын гидротазалау;
4) сұйытылған көмірсутекті газды өндіру кезінде – газдарды аминмен тазарту, сілтілі тазарту және газды фракциялау технологиялық процестері көрсетіледі.
Мұнай өнімдерінің басқа түрлерін (тікелей айдалған нафта, бензин, нефрас, еріткіштер, уайт-спирит, газохол, жеңіл дистиллят, техникалық керосин, кеме, пеш отыны, жеңіл және ауыр газойл, мазут, гудрон және басқалар) өндіру кезінде мұнайды алғашқы өңдеу процесі (атмосфералық және вакуумдық айдау блогы) көрсетіледі.
Өнім өндірудің технологиялық схемасы ТР-ның "Технологиялық процестің және технологиялық схеманың сипаты" бөліміне графикалық қосымша болып табылады. Технологиялық схемалар А2 форматынан (биіктігі бойынша) үлкен болмайтын параққа басылып шығарылады, схема парақтарының ұзындығы шектелмейді.
Үздіксіз процестерге арналған технологиялық схема оған технологиялық жабдықтардың, негізгі материалдық ағындардың, процесті жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі бақылау мен реттеу жүйелерінің графикалық бейнесін қамти отырып (аспаптар, реттегіштер, реттегіш клапандар, аварияға қарсы қорғау жүйелері мен аспаптары көрсетіледі), бір технологиялық ағын бойынша (бірнеше бірдей ағындар болған кезде) жасалады және оған бірінші басшының өндіріс жөніндегі орынбасары, бас инженер немесе бас технолог қол қояды.
Графикалық қосымшада цифрлық деректерді (материалдық және жылу ағындары, режим параметрлері) көрсету ұсынылмайды. Бақылау және автоматика құралдарының, сондай-ақ арматураның шартты белгілерін схемада қолданыстағы стандарттарға сәйкес көрсету ұсынылады.
Схемада бейнеленген жабдықтардың экспликациясы осы Нормативтік-техникалық құжатқа 3-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Жабдықтың орналасу жоспары жеке парақта орындалады.
14. Үздіксіз және кезеңдік процестерге арналған "Технологиялық режим нормалары" бөлімі осы Нормативтік-техникалық құжатқа 4-қосымшаға сәйкес кесте түрінде толтырылады.
Бұл ретте "Процесс сатыларының атауы, аппараттар, режим көрсеткіштері" бағанында аппараттарда (колонналарда, пештерде, реакторларда, жылу алмастыратын және басқа да аппаратураларда) реттелетін режим көрсеткіштері: температура, қысым, шығыс, оттегінің құрамы, шығатын газдардың сиреуі, температурасы, операция уақыты, жүктелетін немесе берілетін компоненттердің саны және процестің әртүрлі кезеңдерінде өндірістің қауіпсіздігіне және өнім сапасына әсер ететін басқа да көрсеткіштер көрсетіледі.
Басқару қалқандарында (немесе компьютер мониторында) бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы таңбалау кезінде аспаптар позицияларының нөмірлері технологиялық схемадағы позицияларының нөмірлеріне сәйкес белгіленеді. Технологиялық режимнің барлық көрсеткіштері, оның ішінде шығыс, жылдамдық, қысым, температура қауіпсіз пайдалануды және берілген сападағы дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін мүмкін рұқсаттармен және аралықтармен метрикалық жүйеде көрсетіледі. Қажет болған жағдайда жоғарғы немесе тек төменгі шекті мәндерді шектеуге рұқсат етіледі, мысалы, "температура ... артық емес".
Ескертпеде аспаптың функциялары (көрсетілімдер, тіркеу, реттеу, қашықтан басқару) қосымша көрсетіледі.
15. "Технологиялық процесті және өнім сапасын аналитикалық бақылау" бөлімінде осы Нормативтік-техникалық құжатқа 5-қосымшаға сәйкес кесте түрінде технологиялық процестің барлық кезеңдері бойынша зертханалық және автоматты бақылау деректері келтіріледі.
Технологиялық процестер мен жабдықтарды авариялардан және жұмыс істейтіндердің жарақаттануынан қорғауды қамтамасыз ететін сигнал беру, бұғаттау жүйелерінің көмегімен технологиялық процесті бақылау олардың іске қосылу шектерін көрсете отырып, осы Нормативтік-техникалық құжатқа 6-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
16. "Қалыпты жағдайлар кезінде өндірістік объектіні іске қосу мен тоқтатудың негізгі ережелері. Қысқы уақытта тоқтату және іске қосу ерекшеліктері" бөлімінде өндірістік объектіні іске қосу және тоқтату бойынша негізгі ережелер, суық, ыстық айналымды толтыру және баптау схемалары, аппараттар мен құбырлар жүйесінен суды буландыру схемалары және т.б. көрсетіле отырып, қондырғыға шикізатты, реагенттерді қабылдау сипаты келтіріледі. Қалыпты жағдайдан өзгеше температура мен қысым жағдайында технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде іске қосу және тоқтату кезінде параметрлердің өзгеру жылдамдығы, катализаторлардың жұмыс жағдайлары, басқа объектілермен өзара байланысы, шикізатпен, электр энергиясымен, бумен, сумен, ауамен және басқа материалдармен жабдықтау, өнімді жинап сақтау, қысқы уақытта іске қосу және тоқтату ерекшеліктері көрсетіледі.
17. "Өндірісті қауіпсіз пайдалану" бөлімінде жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен санитариялық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін жеткілікті мәліметтер, оның ішінде:
1) өндіріс қауіптілігінің сипаттамасы;
2) ықтимал инциденттер мен авариялар, олардың алдын алу және жою тәсілдері;
3) технологиялық процестер мен жабдықтарды авариялардан және жұмыс істейтіндердің жарақаттануынан қорғау;
4) өндірістік объектілерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
5) персоналды қорғау әдістері мен құралдары келтіріледі.
Бұдан басқа, "Өндірісті қауіпсіз пайдалану" бөлімінде осы Нормативтік-техникалық құжатқа 7-қосымшаға сәйкес кесте түрінде шикізаттың, жартылай өнімдердің, дайын өнімнің және өндіріс қалдықтарының жарылыс-өрт қауіпті және уытты қасиеттерінің сипаттамасы бойынша негізгі мәліметтер келтіріледі.
Технологиялық блоктардың жарылыс қаупі бойынша жіктелуі осы Нормативтік-техникалық құжатқа 8-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Ғимараттардың, үй-жайлардың, сыртқы қондырғылардың жарылыс-өрт қауіптілігі, санитариялық сипаттамалары туралы мәліметтер осы Нормативтік-техникалық құжатқа 9-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Технологиялық процестер мен жабдықтарды авариялардан қорғау және жұмыс істейтіндердің жарақаттануының алдын алу және технологиялық процестер бұзылған кезде жарылыстардың, өрттердің, шығарындылардың алдын алудың негізгі шаралары осы Нормативтік-техникалық құжатқа 10-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Осы Нормативтік-техникалық құжаттың 10-қосымшасына сәйкес кестеге:
1) процестері параметрлердің (жарылғыштық саласындағы) маңызды мәндерінде жүргізілетін технологиялық блоктар;
2) (материалдық орталардың құрамы, қысым, температура, қозғалыс жылдамдығы, режимі берілген және қоспаны бөлу реакция аймағында болу уақыты бойынша) бір немесе бірнеше өзара байланысты параметрлері регламенттелген жұмыс мәндерінен ауытқыған кезде өрт, жарылыс болуы немесе жанғыш заттарды атмосфераға шығаруы мүмкін технологиялық блоктар;
3) процесті жүргізудің регламенттелген шарттарынан ауытқу кезінде үй-жай ауасына (шекті рұқсат етілетін концентрациядан асатын) уытты заттарды шығаруы мүмкін технологиялық блоктар;
4) аварияға қарсы қолданылатын қорғау құралдары, оның ішінде: бұғаттау, сигнал беру құралдары, жабдықты авариялық тоқтату құрылғылары, бөлетін, ажыратып-қосатын жабдықтарды көрсете отырып, сақтандырғыш, түсіру, бөлу клапандары, сондай-ақ жарылысты басу, өрт сөндіру, аварияның даму аймақтарын шектеу құрылғылары.
Өндірістік объектілерді пайдалану кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары және тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды толтырудың алдында инертті газбен/су буымен үрленетін жабдықтардың тізімі туралы ақпарат осы Нормативтік-техникалық құжатқа 11-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Жұмыс аймағының ауасында жарылысқа қауіпті және уытты заттардың мөлшерін бақылау әдістері мен құралдарының сипаты, пирофорлы шөгінділермен және басқа да әлеуетті қауіпті қосылыстармен қауіпсіз жұмыс істеу әдістері, төгілу және авария кезінде өндіріс өнімдерін залалсыздандыру және бейтараптандыру тәсілдері сияқты өндірістерді пайдалану кезіндегі қосымша қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат келтіріледі.
Өндірістің нақты жағдайларында пайдаланылатын жұмыс істейтіндердің жеке қорғану құралдары туралы ақпарат осы Нормативтік-техникалық құжатқа 12-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Сондай-ақ статикалық электр зарядтарының жинақталу мүмкіндігі және одан қорғану шаралары, жұмыс істейтіндердің ұжымдық қорғану құралдары, технологиялық жүйелер мен жабдықтардың жекелеген түрлерінен өндіріс өнімдерін жоюдың қауіпсіз әдістері, қолданылатын жабдықтар мен құбырлардың, олардың жауапты тораптарының негізгі қауіптері және технологиялық схемалардың герметикасыздану авариялық бұзылуының алдын алу жөніндегі шаралар, шикізатты, жартылай өнімдерді және дайын өнімдерді жинау және сақтау кезіндегі, олармен жұмыс істеу кезіндегі, сондай-ақ дайын өнімді қаптау және тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат келтіріледі.
Жұмыс істейтіндерді кәсіби іріктеу және денсаулығының жай-күйін бақылау үшін өндірістік қауіптілік факторлары осы Нормативтік-техникалық құжатқа 13-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Өндірістегі ықтимал ақаулар, олардың пайда болу себептері және персоналдың оларды жою жөніндегі іс-әрекеттері осы Нормативтік-техникалық құжатқа 14-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Осы Нормативтік-техникалық құжаттың 14-қосымшасына сәйкес кестеге технологиялық процестегі жабдықты тоқтатпай жойылатын ақаулар, мысалы, қысым, температура, реагенттерді беру жылдамдығы және өнімнің шығуы, оның сапасы және бақылау аспаптарын ажырату бойынша технологиялық процестің нормалардан ауытқулары енгізіледі. Ақаулардың негізгі ықтимал себептері келтіріледі және оларды жою бойынша персоналдың іс-әрекеттері көрсетіледі.
Технологиялық процесті жүргізу, өндірістік операцияларды орындау, жабдықтар мен коммуникацияларды пайдалану кезінде болуы мүмкін және өртке, жарылысқа, жұмыс істейтіндердің жарақаттануына немесе улануына, қоршаған ортаның ластануына себеп болуы мүмкін авариялық жағдайлардың түрлері сипатталған, мысалы:
1) электр энергиясын, отынды, газды, суды, ауаны, буды ажырату, шикізатты беруді тоқтату;
2) кәріз жүйесіндегі және айналма сумен жабдықтау жүйелеріндегі бұзылулар;
3) қондырғылардан өнімдер мен қалдықтарды қабылдауды шектеу немесе тоқтату;
4) жанғыш газдар мен тез тұтанатын сұйықтықтардың (суық және ыстық) жарылуы;
5) резерві жоқ негізгі жабдықтың істен шығуы;
6) бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканың істен шығуы және авариялық тоқтауы.
Авариялық жай-күйлерді жою бойынша персоналдың іс-қимылдары келтіріледі.
18. "Өнім өндіру кезінде пайда болатын қалдықтар, сарқынды сулар, ауаға түсетін шығарындылар, оларды кәдеге жарату және қайта өңдеу әдістері" бөлімінде осы Нормативтік-техникалық құжатқа 15-қосымшаға сәйкес кесте түрінде өнім өндіру кезінде пайда болатын қалдықтар, сарқынды сулар және ауаға түсетін шығарындылар туралы ақпарат келтіріледі, оған өндірістің барлық кәдеге жаратылатын және кәдеге жаратылмайтын қалдықтары енгізіледі.
Кәдеге жаратылатын қалдықтар үшін олардың қай жерде және қандай мөлшерде пайдаланылатыны, кәдеге жаратылмайтын қалдықтар үшін – жою әдісі немесе тәсілі және жинайтын орны көрсетіледі. Төгінділер мен шығарындылардың нормалары қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен шекті рұқсат етілетін төгінділер мен шекті рұқсат етілетін шығарындылар нормаларының негізінде белгіленеді.
Кәрізге жіберілетін сарқынды сулар туралы ақпарат осы Нормативтік-техникалық құжатқа 16-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Ауаға түсетін технологиялық және желдету шығарындылары туралы ақпарат осы Нормативтік-техникалық құжатқа 17-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
19. "Технологиялық жабдықтың, реттегіш және сақтандырғыш клапандардың қысқаша сипаттамасы" бөлімінде ТР-ға технологиялық схеманың графикалық қосымшасынан жабдық бойынша ақпарат келтіріледі, қысқаша сипаттамасы осы Нормативтік-техникалық құжатқа 18-қосымшаға сәйкес кесте түрінде жасалады.
Жабдықтың атауы жабдықтың технологиялық паспортына сәйкес көрсетіледі. Техникалық сипаттамасы негізгі өлшемдерді, есептік қысымды, температураны, жылу алмасу бетін, реакторлар мен пештердегі құбырлардың санын және олардың өлшемдерін, пештердің жылу қуатын; ректификациялық тарелкалар мен саптамалардың типі мен санын; сорғылар мен компрессорлардың түрін, маркасын, өнімділігін, техникалық сипаттамасын білдіреді.
Реттегіш және бөлгіш клапандардың қысқаша сипаттамасы осы Нормативтік-техникалық құжатқа 19-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
Сақтандырғыш клапандардың қысқаша сипаттамасы осы Нормативтік-техникалық құжатқа 20-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
20. "Қажетті нұсқаулықтардың тізбесі" бөлімінде процесті қауіпсіз жүргізуді, жабдықтарға қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз ету үшін қажетті жалпы зауыттық, өндірістік, лауазымдық нұсқаулықтардың және/немесе жұмыс кәсіптері бойынша нұсқаулықтардың, еңбек қауіпсіздігі және қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтардың тізбесі келтіріледі.
Қажетті нұсқаулықтардың тізбесі осы Нормативтік-техникалық құжатқа 21-қосымшаға сәйкес кесте түрінде келтіріледі.
5-тарау. Технологиялық регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
21. Қолданыстағы ТР-ға шикізат сапасының өзгеруіне, жүктемелерді, режимдерді өзгерту, жабдықтарды ауыстыру қажеттілігіне, сондай-ақ технологиялық схемадағы қағидатты өзгерістерге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
ТР-ға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар:
1) өзгерістер / толықтырулар енгізу үшін негіздемеден;
2) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілетін беттерден, бөлімдерден, кіші бөлімдерден, абзацтардан;
3) ескі редакция мәтінінің мазмұнынан;
4) енгізілген өзгерістер/толықтырулар ескеріле отырып, жаңа редакциядағы мәтіннің мазмұнынан тұрады.
Өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Нормативтік-техникалық құжатқа 22-қосымшаға сәйкес кесте түрінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағына енгізіледі және қол қойылып, технологиялық қондырғыларды пайдаланатын жедел персоналдың назарына жеткізіледі.
TP:
1) бес жыл әрекет ету мерзімі өткен;
2) ТР қайта қарауды талап ететін нормативтік құқықтық актілер қабылданған;
3) ТР-ны қолдануды қиындататын елеулі өзгерістер мен толықтырулар немесе технологияда, аппаратуралық ресімдеуде немесе өнімнің жаңа түрлерін игеруде қағидатты өзгерістер және оларды ТР-ға енгізу үшін құжаттың тармақтары мен бөлімдерінің жартысынан астамын өзгерту қажет болған;
4) ТР-да қауіпсіз пайдаланудың шарттары жеткіліксіз анықталуы салдарынан өнімді өндіру процесінде авария кезінде қайта қаралады және жаңа редакцияда бекітіледі.
6-тарау. Технологиялық регламенттердің сақталуын бақылау
22. Техникалық бөлім технологиялық қондырғыларды пайдаланатын жедел персоналды осы Нормативтік-техникалық құжатқа 23-қосымшаға сәйкес кесте түрінде ТР-мен танысу парағына қолдарын қойдырып, таныстырады.
Технологиялық режимнің ауытқуларын анықтау және оларды уақтылы жою мақсатында техникалық бөлім ТР-ның сақталуына жүйелі бақылау жүргізеді.
ТР негізінде әрбір өндірісте (технологиялық қондырғыда):
1) сигнал беру мен бұғаттаулар тізбесі;
2) технологиялық процесті зертханалық бақылаудың цехаралық нормалары;
3) белгіленген нысандағы режим парағы, онда бекітілетін параметрлердің көлемі ТР технологиялық режимінің нормаларында көзделген көлемнен аспауы тиіс қажет;
4) материалдық баланстың процедурасы;
5) отынның (жағудың) және шығынның нормалары әзірленеді.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 1-қосымша |
Өндірісті (технологиялық қондырғыларды) пайдалануға арналған технологиялық регламенттің титулдық парағының ұсынылатын нысаны ______________________________________________________________
мұнай өнімдерін өндірушінің атауы
БЕКІТЕМІН | |
Бірінші басшы ___________ | |
ТАӘ | |
20__ жылғы "___"_________ | |
М.О. (бар болса) |
_________________________________________________________________
(өндірістің атауы) ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ ХХ-ХХХ-20ХХ (бірінші рет енгізіліп отыр/қайта қаралды)
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 2-қосымша |
№__ кесте. Бастапқы шикізаттың, материалдардың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдердің, өндірілетін өнімнің сипаттамасы
р/с | Шикізаттың, материалдардың, реагенттердің, катализаторлардың, жартылай өнімдердің, өндірілетін өнімнің атауы | НТҚ және (немесе) СҚ нөмірі | Бақылау үшін қажетті сапа көрсеткіштері | НТҚ және (немесе) СҚ бойынша норма | Өндірілетін өнімнің қолданылу саласы |
Ескертпе: қолданыстағы өндіріс паспортында көрсетілген тауарлық өнімнің сапасын растау үшін қажетті және жеткілікті сапа көрсеткіштерінің саны.
НТҚ – нормативтік техникалық құжат;
СҚ – стандарттау жөніндегі құжат.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 3-қосымша |
№__ кесте. Жабдықтың экспликациясы
р/с | Жабдықтың атауы | Схема бойынша индексі | Саны |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 4-қосымша |
№__ кесте. Технологиялық режим нормалары
р/c | Процесс сатыларының атауы, аппараттар, режим көрсеткіштері | Аспаптың схемадағы позиция нөмірі | Өлшем бірлігі | Технологиялық параметрлердің рұқсат етілетін шектері | Өлшеу құралдарының қажетті дәлдік класы | Ескертпе |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 5-қосымша |
№__ кесте. Технологиялық процесті және өнім сапасын талдамалық бақылау
р/с | Процесс сатыларының атауы, талданатын өнім | Сынама алынатын жер | Бақыланатын көрсеткіштер | НТҚ және (немесе) СҚ бойынша нормалар | Бақылау әдісі (талдау әдістемесі, НТҚ және (немесе) СҚ) | Бақылау жиілігі | Кім бақылайды |
Ескертпе: талдау нәтижелерін "талдау нәтижелерін тіркеу журналына" тіркеу қажет, журналдарды 3 жыл бойы сақтау қажет.
НТҚ – нормативтік техникалық құжат;
СҚ – стандарттау жөніндегі құжат.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 6-қосымша |
№__ кесте. Сигнал беру мен бұғаттаулардың тізбесі
р/с | Жабдықтың атауы | Бақыланатын параметрдің атауы | схема бойынша аспап позициясының № | Белгіленген шектің шамасы | Белгіленген мәндер | Өшіру, қосу, резервті ауыстыру және т.б. әсер ету тізімі | ||||
Сигнал беру | бұғаттау | |||||||||
ең төменгі | ең жоғарғы | ең төменгі | ең жоғарғы | ең төменгі | ең жоғарғы | |||||
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 7-қосымша |
№__ кесте. Өндірісті қауіпсіз пайдалану
р/с | Шикізаттың, жартылай өнімдердің, дайын өнімнің, өндіріс қалдықтарының атауы | МемСТ 12.1.007 сәйкес қауіптілік класы | Температурасы | Тұтанудың концентрациялық шегі | Уыттылығының сипаттамасы (адам организміне әсері) | Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағының ауасындағы РШШ, мг/м3 | |||
лап ету | тұтану | өздігінен тұтану | төменгі шегі | жоғарғы шегі | |||||
Ескертпе: заттар мен материалдарды өндіру, өңдеу, тасымалдау және сақтау жағдайларында олардың өрт-жарылыс қауіптілігін сипаттау үшін қажетті және жеткілікті көрсеткіштердің санын технологиялық регламентті әзірлеуші айқындайды.
РШШ – рұқсат етілетін шекті шоғырлану.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 8-қосымша |
№__ кесте. Технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі
р/с | Блоктың атауы | Технологиялық схема бойынша технологиялық блокты құрайтын позициялардың, аппаратуралардың, жабдықтардың нөмірлері | Технологиялық блоктың салыстырмалы энергетикалық әлеуеті | Жарылыс қауіптілік санаттары | Ықтимал қирау және персоналдың жарақаттану қаупінің деңгейі бойынша аймақ класы |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 9-қосымша |
№__ кесте. Ғимараттардың, үй-жайлардың, сыртқы қондырғылардың жарылыс-өрт қауіптілігі, санитариялық сипаттамасы
р/с | Үй-жайлардың, ғимараттардың, сыртқы қондырғылардың атауы | Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлар мен сыртқы қондырғылардың санаты | Ғимараттардың, құрылысжайлардың отқа төзімділік дәрежесі | Үй-жайлар мен сыртқы қондырғылардың жіктелуі | Санитариялық сипаттамасы бойынша өндірістік процестердің тобы | |
ЭОҚ бойынша үй-жайлар класы | ЭОҚ бойынша жарылысқа қауіпті қоспалардың санаты мен тобы | |||||
Ескертпе: ЭОҚ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын орнату қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген).
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 10-қосымша |
№__ кесте. Технологиялық процестер мен жабдықтарды авариялардан қорғау
р/с | Жабдықтың, технологиялық блоктың атауы | Жабдықтың қорғалатын учаскесінің (орнының) бақыланатын параметрі немесе атауы | Жабдықтың қорғалатын учаскесінің (орнының) бақыланатын параметрінің рұқсат етілетін шегі немесе қауіптілігі | Көзделген қорғау |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 11-қосымша |
№__ кесте. Тез тұтанатын сұйықтықтарды, жанғыш сұйықтықтарды және жанғыш газдарды толтырудың алдында инертті газбен/су буымен үрленетін жабдықтардың тізімі
р/с | Технологиялық блоктың (аппараттың, құбырдың) атауы және нөмірі | Аппарат алдындағы желідегі инертті газдың (будың) қысымы, кгк/см2 | Үрлеудің (булаудың) ең аз қажетті уақыты | Бөлінетін газдардағы оттегінің ең жоғары рұқсат етілген шоғырлануы, % көл. |
Ескертпе:
ЖГ – жанғыш газ;
ЖС – жанғыш сұйықтық;
ТТС –тез тұтанатын сұйықтық.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 12-қосымша |
№__ кесте. Жұмыс істейтіндердің жеке қорғану құралдары
р/с | Технологиялық процестің сатыларының атауы | Жұмыс істейтіндердің кәсіптері | Жұмыс істейтіндердің жеке қорғану құралдары | НТҚ және (немесе) СҚ атауы | Пайдалану мерзімі | Қорғану құралдарын тексеру мерзімділігі |
Ескертпе:
НТҚ – нормативтік техникалық құжат;
ДС – стандарттау жөніндегі құжат.
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 13-қосымша |
№__ кесте. Жұмыс істейтіндерді кәсіби іріктеу және денсаулығының жай-күйін бақылау үшін өндірістік қауіптердің факторлары
р/с | Кәсіптің атауы | Өндірістік қауіптер мен зияндар |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 14-қосымша |
№__ кесте. Технологиялық процесте және негізгі технологиялық жабдықтардағы ықтимал ақаулар, олардың себептері және оларды жою тәсілдері
р/с | Ықтимал ақаулар | Ақаулардың туындау себептері | Ақауларды жою әдістері |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 15-қосымша |
№__ кесте. Өнім өндіру кезінде пайда болатын қалдықтар.
р/с | Қалдықтың атауы | Жинау орны, тасымалдау | Түзілу жиілігі | Қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату шарттары (әдісі) және орны | Мөлшері т/жылына | Ескертпе |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 16-қосымша |
№__ кесте. Сарқынды сулар
р/с | Сарқынды судың атауы | Сарқынды сулардың көлемі, м3/сағ | Жою, залалсыздандыру, кәдеге жарату шарты (әдісі) | Төгу жиілігі | Төгу орны | Сарқынды сулардағы ластану мөлшерінің белгіленген нормасы | Ескертпе |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 17-қосымша |
№__ кесте. Ауаға түсетін шығарындылар
р/с | Шығарындының атауы | Түрлері бойынша шығарындылардың саны, т/жыл | Жою, залалсыздандыру, кәдеге жарату шарты (әдісі) | Шығарындылардың жиілігі | Шығарындылардағы ластағыш заттар мөлшерінің белгіленген нормасы | Ескертпе |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 18-қосымша |
Технологиялық жабдықтардың, реттегіш және сақтандырғыш клапандардың қысқаша сипаттамасы.
№__ кесте. Технологиялық жабдықтың қысқаша сипаттамасы
р/с | Жабдықтың атауы (аппараттың типі, атауы, мақсаты және т.б.) | Схема бойынша позицияның нөмірі, индексі | Бақылаушы органның тіркеу нөмірі | Материалы | Техникалық сипаттамасы |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 19-қосымша |
№__ кесте. Реттегіш клапандардың қысқаша сипаттамасы
Схема бойынша позиция № | Клапанды орнататын жер | Клапанның мақсаты | Клапанның типі | Клапанды таңдау негіздемесі |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 20-қосымша |
№__ кесте. Сақтандырғыш клапандардың қысқаша сипаттамасы
р/с | Клапанды орнататын жер (қорғалатын аппараттың индексі) | Қорғалатын аппараттың есептік қысымы, кгк/см2 | Аппараттағы оперативті (технологиялық) қысым, кгк/см2 | Клапанның белгіленген қысымы | Бақылау және жұмыс клапандары-ның төгу бағыты | |
бақылау қысымы, кгк/см2 | жұмыс қысымы, кгк/см2 | |||||
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 21-қосымша |
№__ кесте. Қажетті нұсқаулықтар тізбесі
р/с | Нұсқаулықтың нөмірі | Нұсқаулықтың атауы |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 22-қосымша |
№__ кесте. Өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу парағы
р/с | Өзгерістің/ толықтырудың нөмірі | Өзгеріс енгізілген бөлімнің, кіші бөлімнің, тармақтың, беттің № | Негіздемесі (күні, құжаттың № ) | Өзгеріс енгізілген күн | Өзгерісті енгізген тұлғаның қолы |
Мұнай өнімдерін өндірушілер өндірістерінің (технологиялық қондырғыларының) технологиялық регламентін әзірлеу, келісу және бекіту жөніндегі нормативтік-техникалық құжатқа 23-қосымша |
№__ кесте. Танысу парағы
р/с | Т.А.Ә. | Лауазымы | Танысқан тұлғаның қолы | Күні |