Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген), Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатұлы Кыдырбековке тағайындалсын.
3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатұлы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 4 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Ғ.Әшімов |