"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 474/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 266-1945-01-ММ қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198765 болып тіркелген).

      3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "03" сәуірдегі
№ 474/1 қаулысына
қосымша

"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық
бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесi, 25.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".

      11. Осы Ереже "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басым өңірлік бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;

      2) Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламалармен мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және қала тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге жәрдемдесу;

      4) Павлодар қаласының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;

      5) бау-бақша кооперативтерінің жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, бау-бақшалардың одан әрі дамуына жәрдемдесу;

      6) кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстарын жүргізу;

      7) құзыреті шегінде аттракциондарды, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;

      1.2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімінің және әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;

      1.3) келісім шарттар, келісімдер мен өзге де заңды мәмілелер жасасу;

      1.4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      2.1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын жүзеге асыру және оны материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қаланың мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

      2.3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;

      2) жеке кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және орындау үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету және атқару;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      5) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

      6) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

      7) жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      8) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды әзірлеу және іске асыру;

      9) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;

      10) тиісті аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      11) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      12) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинау;

      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      14) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;

      15) өз құзыреті шегінде:

      - Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 199-бабы (бірінші, екінші және үшінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;

      - Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;

      - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - белгіленбеген орындардағы сауда саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және тұқым шаруашылығы саласында қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

      - мақта саласын дамытуда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

      - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшері асып кеткен кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;

      17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;

      18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;

      19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

      20) АТМТ (Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу), МДБ (Мемлекеттік деректер базасы), Е-лицензиялау электрондық базасын жүргізу, жоғары тұрған сатыларға қажетті есептер, мемлекеттік органдардың сұрауларына, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен арыздарына жауаптар дайындау және ұсыну;

      21) Павлодар қаласында туристік кластерді дамытуға жәрдемдесу;

      22) аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      23) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік органдар қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      20. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Мемлекеттік мекеме туралы ережені Павлодар қаласы әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын орындау жұмысын ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

      3) бұйрықтар шығарады;

      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;

      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді орындауға дербес жауапты болады;

      6) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;

      8) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

      9) заңнамада белгіленген тәртіппен келісім шарттар жасасады;

      10) сенімхаттар береді;

      11) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

      12) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және атқаратын лауазымынан босатады;

      13) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің функцияларын айқындайды;

      14) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      15) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара"

Постановление акимата города Павлодара Павлодарской области от 3 апреля 2025 года № 474/1

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31, пунктом 8 статьи 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 01 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат города Павлодара ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении (далее - ГУ) "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Признать утратившим силу постановление акимата города Павлодара "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" от 10 июля 2024 года № 266-1945-01-ММ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 198765).

      3. ГУ "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Беготаеву К. К.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара Х. Хабылбеков

  Приложение
к постановлению акимата
города Павлодара от "03"
апреля 2025 года № 474/1

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Отдел
предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах предпринимательства и сельского хозяйства.

      2. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" не имеет ведомства.

      3. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: 140000, Республика Казахстан, Павлодарская область, город Павлодар, улица Кривенко, 25.

      10. Полное наименование государственного органа:

      на государственном языке: "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".

      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      13. Государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".

      Если государственному учреждению "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Задачи:

      1) разработка приоритетных региональных программ развития отраслей предпринимательства и сельского хозяйства, участие в их реализации;

      2) создание условий для развития предпринимательской деятельности и сельского хозяйства на территории города Павлодара;

      3) осуществление государственной поддержки субъектов агропромышленного комплекса в соответствии с действующим законодательством, государственными, отраслевыми (секторальными), региональными программами и содействие реализации сельскохозяйственной продукции для удовлетворения потребностей горожан;

      4) проведение государственной торговой политики на территории города Павлодара;

      5) осуществление координации работы садоводческих кооперативов, содействие дальнейшему развитию садоводства;

      6) проведение работы по снижению административных барьеров для предпринимателей;

      7) обеспечение в пределах компетенции безопасной эксплуатации аттракционов, оборудования для детских игровых площадок.

      15. Полномочия:

      1) права:

      1.1) запрашивать и получать на безвозмездной основе от государственных органов и иных организаций, должностных лиц необходимую информацию, документы и иные материалы по вопросам, связанным с исполнением задач, поставленных перед государственным учреждением "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      1.2) вносить на рассмотрение акимата и акима города Павлодара предложения по совершенствованию организационной деятельности исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;

      1.3) заключать договоры, соглашения и иные юридические сделки;

      1.4) осуществлять иные права, предусмотренные Конституцией Республики Казахстан, законами и иными нормативно-правовыми актами Республики Казахстан, принимаемых Президентом Республики Казахстан, Правительством Республики Казахстан, вышестоящими государственными органами.

      2) обязанности:

      2.1) осуществление организационной, правовой, информационно-аналитической работы государственного учреждения и его материально-техническое обеспечение;

      2.2) реализация законодательства Республики Казахстан о государственной службе, повышение квалификации кадров в системе государственных органов города;

      2.3) осуществление иных обязанностей, предусмотренных Конституцией Республики Казахстан, законами и иными нормативно-правовыми актами Республики Казахстан, принимаемых Президентом Республики Казахстан, Правительством Республики Казахстан, вышестоящими государственными органами.

      16. Функции:

      1) осуществление реализации государственной политики поддержки и развития частного предпринимательства;

      2) создание условий для развития частного предпринимательства и сельского хозяйства;

      3) обеспечение и несение ответственности за реализацию и исполнение государственных программ в регионах;

      4) разработка и реализация региональных программ поддержки малого предпринимательства;

      5) определение стратегии развития взаимоотношений местных исполнительных органов с объединениями субъектов частного предпринимательства и объектами рыночной инфраструктуры;

      6) организация деятельности экспертных советов;

      7) обеспечение государственной поддержки на местном уровне частного предпринимательства и крестьянских хозяйств;

      8) выработка и реализация мер, направленных на осуществление государственной поддержки предпринимательства и промышленности;

      9) содействие в привлечении инвестиций в отрасли промышленности и предпринимательства, формирование предложений к перечню инвестиционных и инновационных проектов;

      10) участие в формировании и реализации государственной политики в сфере государственной поддержки инновационной деятельности на соответствующей территории;

      11) проведение работы по разъяснению субъектам агропромышленного комплекса основных направлений и механизмов государственной агропромышленной политики;

      12) проведение сбора оперативной информации в области агропромышленного комплекса и сельских территорий;

      13) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;

      14) осуществление в пределах своей компетенции государственного мониторинга за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;

      15) осуществление в пределах своей компетенции производства по делам об административных правонарушениях в области:

      - составления протоколов по статье 199 (части первой, второй и третьей) Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";

      - составления протоколов по статье 455 (части первой, второй, третьей, четвертой и пятой) Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";

      - нарушения требования законодательства Республики Казахстан по превышению размера предельно допустимых розничных цен на социально- значимые продовольственные товары;

      - нарушения требования законодательства Республики Казахстан в сфере торговли в неустановленных местах;

      - нарушения требования законодательства Республики Казахстан в сфере нерационального использования или неиспользования земель сельскохозяйственного назначения;

      - нарушения законодательства Республики Казахстан при осуществлении предпринимательской деятельности и оказании услуг в области семеноводства;

      - нарушения законодательства Республики Казахстан в сфере развития хлопковой отрасли;

      - нарушения требования законодательства Республики Казахстан при превышении размера торговой надбавки на социально значимые продовольственные товары;

      - нарушения требования законодательства Республики Казахстан при формировании и использовании региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров.

      16) государственная регистрация залога тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;

      17) прием экзаменов и выдача удостоверений на право управления тракторами и изготовленными на их базе самоходными шасси и механизмами, самоходными сельскохозяйственными, мелиоративными и дорожно-строительными машинами, а также специальными машинами повышенной проходимости;

      18) государственная регистрация тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;

      19) ежегодный государственный технический осмотр тракторов и изготовленных на их базе самоходных шасси и механизмов, прицепов к ним, включая прицепы со смонтированным специальным оборудованием, самоходных сельскохозяйственных, мелиоративных и дорожно-строительных машин и механизмов, специальных машин повышенной проходимости;

      20) ведение электронной базы ГРСТ (государственная регистрация сельскохозяйственной техники), ГБД (государственная база данных) Е-лицензирование, подготовка и представление необходимых отчетов в вышестоящие инстанции и ответов на запросы государственных органов, а также заявления и обращения юридических и физических лиц;

      21) содействие развитию туристического кластера в городе Павлодаре;

      22) осуществление государственного контроля за безопасной эксплуатацией аттракционов, оборудования для детских игровых площадок;

      23) осуществление иных функции, предусмотренных Конституцией Республики Казахстан, законами и иными нормативно-правовыми актами Республики Казахстан, принимаемых Президентом Республики Казахстан, Правительством Республики Казахстан, вышестоящими государственными органами.

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара":

      1) представляет на утверждение акимата города Павлодара Положение о государственном учреждении;

      2) организует работу по выполнению Законов, актов Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, постановлений акимата города, систематически информирует вышестоящие органы о ходе их выполнения;

      3) издает приказы;

      4) принимает меры по противодействию коррупции в государственном учреждении;

      5) несет персональную ответственность за выполнение обязанностей по противодействию коррупции в государственном учреждении;

      6) действует без доверенности от имени государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      7) представляет интересы государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" в государственных органах, иных организациях;

      8) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом;

      9) заключает договоры в установленном законодательством порядке;

      10) выдает доверенности;

      11) подписывает акты государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      12) назначает на должность и освобождает от занимаемой должности работников государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      13) определяет обязанности работников и функции структурных подразделений государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      14) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара";

      15) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством и настоящим Положением.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" формируется за счет имущества, преданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара", относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.