"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 шілдедегі № 266-1945-01-ММ қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы Ереже бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 сәуірдегі "Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 552/2 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Қ. Беготаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Х. Хабылбеков

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2024 жылғы "___" маусымдағы
№ ______қаулысымен
бекітілді

"Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Кривенко көшесi, 25.

      10. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства города Павлодара".

      11. Осы Ереже "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;

      2) Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды іске асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауылшаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;

      4) Павлодар қаласының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;

      5) бау-бақша кооперативтері жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, одан әрі бау-бақшалардың дамуына үлес қосу;

      6) кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жұмыстарын жүргізу.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан, лауазымдық тұлғалардан "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдында қойылған міндеттерді орындаумен байланысты өтеусіз негізде қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұрау және алу;

      1.2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ұйымдастырушылық қызметін жетілдіру бойынша Павлодар қаласы әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

      1.3) келісім шарттар, келісімдер мен басқа да заңды мәмілелер жасау;

      1.4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      2.1) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық жұмысын және оны материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жүзеге асыру;

      2.2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын іске асыру, қаланың мемлекеттік органдары жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру;

      2.3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) жекеменшік кәсіпкерлікті мемлекеттік саяси дамытудың және қолдаудың іске асуын жүзеге асыру;

      2) жекеменшік кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен дамуына жауапты болу және қамтамасыз ету;

      4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

      5) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен жергілікті атқарушы органдарының өзара қатынасын дамыту стратегиясын анықтау;

      6) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

      7) жергілікті деңгейдегі жекеменшік кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      8) кәсіпкерлік пен өнеркәсіптік мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;

      9) инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстарды қалыптастыру, өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласында инвестицияларды тартуға жәрдемдесу;

      10) сәйкесінше аумақта инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      11) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;

      12) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;

      13) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      14) өзінің құзыры шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат берілетін бөлшек бағалар мөлшерін сақтаумен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      15) өзінің құзыры шегінде әкімшілік құқық бұзушылық саласында іс жүргізуді жүзеге асыру:

      - "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 199-бабы (бірінші, екінші және үшінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;

      - "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 455-бабы (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері) бойынша хаттамалар жасау;

      - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен асып кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - белгілі емес орындардағы сауда саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану немесе пайдаланбау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтер көрсету және кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

      - мақта саласын дамытуда Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

      - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу;

      - азық-түлік өнімдеріне өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу.

      16) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу;

      17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;

      18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;

      19) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

      20) АТМТ (Ауылшаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу), МДБ (Мемлекеттік деректер базасы) Е-лицензиалау электрондық базасын жүргізу, мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап және жоғары тұрған органдарға, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардан түскен арыздар мен шағымдарға тиісті есептер дайындау және ұсыну;

      21) Павлодар қаласында туристік кластерді дамытуды жүзеге асыру;

      22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      20. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік мекеме туралы Ережені Павлодар қаласының әкімдігіне бекітуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, қала әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде хабардар етеді;

      3) басшының бұйрықтарын шығарады;

      4) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданады;

      5) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша міндеттердің орындалуы үшін дербес жауап береді;

      6) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң мүддесiн білдіреді;

      8) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шегінде мүлікке иелік етеді;

      9) белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер жасайды;

      10) сенімхаттар береді;

      11) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

      12) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметшілерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      13) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметшілерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;

      14) "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      15) заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

      "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады